Қазақстандық бітімгерлер Ливан еліне аттанды

Жарты жыл бойы әскери қызметшілер Үндістанның бітімгерлік батальонының құрамында болады

Оныншы бітімгерлік контингент Алматыдан «БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері» миссиясы шеңберінде жарты жыл қызмет еткен әскери қызметшілердің орнын алмастыруға ұшып кетті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Бітімгерге тән кәсіби қасиеттері, моральдық-психологиялық жай-күйі, дене шынықтыру дайындығы, шет тілін меңгеруі ескерілген алты әскери қызметші мұқият іріктеуден өтті.

«Ливанға бара жатқан бөлімше сапалы дайындықтан өтті, біз миссия шеңберінде жүктелген міндеттерді абыроймен орындайтынымызға сенімдіміз», – деді бітімгерлік контингентінің командирі майор Жасұлан Есмамбетов. 

Жарты жыл бойы әскери қызметшілер Үндістанның бітімгерлік батальонының құрамында болады. Әскери қызметшілеріміздің кәсіби шеберлігін миссия қолбасшылығы, сондай-ақ бірлескен патрульдеу жүргізіліп жатқан Ливан Қарулы Күштерінің өкілдері бірнеше рет атап өтті.

«Қазақстандық бітімгерлердің миссиясы басқа елдердің бітімгерлері сияқты Ливанмен ғана шектелмейді, олар бүкіл әлемнің бітімгерлік миссияларына қатысады. Ливандағы қазақстандық бітімгерлердің ротациясы олардың үздіксіз бітімгерлік қызмет атқарып, оның тиімділігін көрсеткен маңызды үрдіс болып саналады. 

Бұл тәжірибе Қазақстанның бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі ұмтылысына өз үлесін қосуды әрі жалғастыруға мүмкіндік береді», - делінген Қорғаныс министрлігі хабарламасында.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30