Қарапайым халықты қорғау жолы: елімізде БҰҰ миссиясы бойынша дайындық өтіп жатыр

Қазақстанда шетелдік әскери қызметшілер қарапайым халықты қорғау қағидаттарын зерделеуде

ҚР Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығында (ҚАЗЦЕНТ) БҰҰ-ның халықаралық сертификатталған «Қарапайым халықты кешенді қорғау» курсы өтіп жатыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Курс тыңдаушылары – Иран, Қытай, Ресей, Сауд Арабиясы, Франция, Чехия, Жапония қарулы күштерінің, сондай-ақ Қазақстанның күш ведомстволарының әскери қызметшілері.

Екі апталық курстың бағдарламасына БҰҰ миссиясы элементтерінің тұжырымдамасы мен рөлі, бейбіт тұрғындарды қорғау жөніндегі бітімгерлердің құқықтары мен міндеттері кірді.

«Барлық материалдарды БҰҰ Бітімгерлік операциялар департаментінің Біріккен дайындық қызметі әзірлеп, бекітті. Курстар бейбіт тұрғындарды қорғау мандатымен БҰҰ миссияларына қатысуды жоспарлауға қажет», – деді сабақ жетекшісі майор Арман Тастанбеков

Орталық нұсқаушылары сабақтарды Қазақстандағы БҰҰ кеңсесінің өкілдерімен бірлесіп өткізеді. Әдістеме топтық талқылауларды ұйымдастыруды, презентация мен бейнематериалдарды кеңінен қолдануды топшылайды. 

Мұндай курсты сапалы меңгеру бітімгерлерге бейбіт тұрғындарды қорғау жөніндегі міндеттерді орындау барысында тиімді болмақ және бұл бейбіт тұрғындардың БҰҰ миссиясына деген сеніміне ықпал етеді. 

Тыңдаушылар курс аяқталған соң БҰҰ-ның сертификаттарын алады.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02