Министрлер мен депутаттарға әскери қауіпсіздік мәселелері бойынша сабақтар басталды

Админ

Ел Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес қорғаныс ведомствосында әскери қауіпсіздік пен қорғаныстың өзекті мәселелері жөнінде сабақтар курсы басталды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Аталған сабақтар орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен ҚР Парламентінің депутаттары үшін ұйымдастырылды.

Әлемдегі әскери-саяси ахуалдың өсу тенденциялары мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жіті назарға алуды қажет етеді. "Батыл тойтарыс-2023" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуының нәтижелеріне қарай Мемлекет басшысы еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту жайлы міндеттер қойып, Қазақстан кез келген сын-тегеуріндерге дайын болуы тиіс екенін атап өткен болатын, – деді курстың ашылуында Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов.

Аталған дәрістер курсы ұлттық қауіпсіздік, қорғанысты жоспарлау, экономикалық қамтамасыз ету, жұмылдыру, ел аумағын жедел жабдықтау, аумақтық және азаматтық қорғаныс, ақпараттық қауіпсіздік, сонымен қатар Қарулы Күштерді қолдану негіздері төңірегінде өткізілетін болады.

Бірінші сабақта қатысушыларға әлемдегі және аймақтағы әскери-саяси ахуал, оның артуының қазіргі тенденциялары мен болжамдары туралы дәріс оқылды.

Жалпы дәрістердегі таныстыру курсы мемлекеттік органдардың қауіп-қатерлердің өсуі жағдайында, соғыс жағдайында да, жұмыс істеу мәселелерін, сондай-ақ әскери жоспарлау жүйесінің негіздерін толық түсінуге бағытталған.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02