Бүгін елімізде Әскери байланысшы күні атап өтіліп жатыр

Әскери байланысшылар өздерінің жоғары кәсібилігі мен шеберлігін бірнеше рет дәлелдеген

Еліміздің Қарулы күштеріндегі атаулы күндер мен мерекелердің ішінде әскери байланысшылар күні ерекше орын алады. Байланыс әскерлері жауынгерлік дайындықты ұйымдастыруды және Қарулы күштердің күнделікті қызметін қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Байланыс әскерлерінің техникалық жағынан жабдықталуы үнемі артып келеді. Автоматтандыру, байланыс құралдарының соңғы жүйелері және озық технологиялық әзірлемелер кез келген жағдайда байланысты қамтамасыз етудегі ең күрделі тапсырмаларды тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Қазіргі заманғы техникалар сауатты басқаруды, яғни мұқият техникалық дайындық пен автоматизмге ұласқан дағдыларды қажет етеді. Әскери ортада «Байланыссыз басқару мүмкін емес» деп айтылуы заңдылыққа айналған.

Штабтар мен бөлімшелер арасындағы ақпарат алмасудың жылдамдығы мен сапасы, құрлықтағы, авиациялық және теңіз бөлімшелері іс-қимылдарының үйлесімділігі, сондай-ақ жауынгерлік құралдар мен қаруды тиімді қолдану тұрақты байланысқа қатысты.

Әскери байланысшылар өздерінің жоғары кәсібилігі мен шеберлігін «Батыл тойтарыс-2023», «Айбалта-2023» стратегиялық оқу-жаттығулары мен басқа да іс-шаралар барысында бірнеше рет дәлелдеген.

Қазақстанда байланыс офицерлерін Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында дайындайды. Орта буын мамандары Сағадат Нұрмағамбетов атындағы астаналық әскери колледжде білім алып шығады. Кіші деңгейдегі әскери-есептік мамандықтардың негізін мерзімді қызмет сарбаздары Алматы облысындағы байланыс әскерлерінің оқу орталығында игереді.

Әскери ғылымды дамытудың маңызды қадамы Ұлттық қорғаныс университетінің базасында Байланыс және ақпараттық қауіпсіздік кафедрасын құру болды. Бұл жерде келешекте байланыс саласындағы магистранттар мен докторанттар даярланатын болады. Әскери байланыс жоғары білікті, өз ісі мен туған Отанына берілген байланыс әскерлерінің мамандарынан тұрады. Сол себепті оларға әскердің жауынгерлік дайындық жүйесінде зор жауапкершілік жүктелген.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02