Сарбаздың әскердегі бір күні қалай өтеді?

Олар Әскери ант қабылдайтын күнге дейін әскери өмірге бейімделеді

«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің 06708 әскери бөліміне Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу үшін Түркістан облысынан әскер қатарына шақырылған жас сарбаздар жетті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Шымкент қаласынан бет алып, кешкілік уақытпен Сарышаған станциясына келіп жеткен жас сарбаздарды 06708 әскери бөлімінің командирі подполковник Жасұлан Абеков күтіп алды.

Пойыздан түскен жас сарбаздар тобы арнайы дайындалған әскери нөмірдегі көліктермен Сарышаған станциясынан жол тартып, жақын жердегі орналасқан Приозерск гарнизонындағы 06708 әскери бөліміне жеткізілді.

Аталған әскери бөлімдегі жас сарбаздар жиынының сарбаздарға арналған үй-жайына орналасқан жас сарбаздар Әскери ант қабылдайтын күнге дейін әскери өмірге бейімделеді. Атап айтқанда, әскер қатарына шақырылып, жеке құрамның қатарына қосылған жас сарбаздар жауынгерлік даярлық сабақтарынан, сонымен қатар әскери қызмет міндеттерін орындаудан және жалпыәскери Жарғылардың қағидаларынан тәлім алады.

Сарбаздың күн тәртібіне сәйкес, жас сарбаздар қатары ерте тұрып жүгіріп келген соң, дене шынықтырудың кешенді жаттығуларын жасауды үйренсе, күндіз нағыз сарбаздарға тән саптық әдіс түрлерін орындаумен іс жүзінде айналысады. Нәтижесінде, автоматты атыс қаруынан оқ атуға жаттығып, ашық алаңда жас сарбаздың әрқайсысының нысананы дәл көздеуі бағаланады.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02