Әскери қызметшілер Республика күнін атап өтуде

Админ

Қорғаныс министрлігінің барлық әскери бөлімдері мен мекемелерінде Мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Ұлттық мерекеге орай басшылық тарапынан ерекше көзге түскен әскери қызметшілер мен мерзімді қызметтегі сарбаздар грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Колледждер мен мектептерде әскери қызметшілер мен Қарулы Күштердің ардагерлері ерлік сабақтарын өткізді. Гарнизондарда ашық есік күндері, мәдени-демалыс және спорттық-бұқаралық шаралар өтті.

Алматыда Қарулы Күштердің Тау даярлығы орталығына он бірінші сыныптардан 70 оқушы келді. Олардың алдында бөлім командирі полковник Айдар Слямғалиев пен оның жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары подполковник Аманжол Рахметов сөз сөйледі. Балаларға әскери қызметшілердің оқу орындары, барлық маусымдық жабдықтар мен тау қорықшыларының жарақтары көрсетілді.

Жоғары санатты мамандар капитан Василий Пивцов пен сержант Александр Софрыгин жасөспірімдерге тау дайындығы бойынша шеберлік сабағын ұйымдастырды. Тау шыңына шығу туралы дәріс-әңгімені альпинизм бойынша халықаралық дәрежедегі еңбек сіңірген спорт шебері майор Мақсұт Жұмаев өткізді. 

Барлық жерде әскери қызметшілердің қатысуымен «Туған жерім – Айбыным», «Өнеріміз саған, Қазақстан» челлендждері және «Қыран елім – Қазақстан» патриоттық акциясы өтті.

Әскери қызметшілер мемлекеттік әнұранды айтып, патриоттық әндерді шырқады, олар әлеуметтік желілерде ақжарма тілектерін білдіре отырып, қазақстандықтарға бейне құттықтаулар жолдады.

«Өнеріміз саған, Қазақстан» челленджіне қатысқан түрлі этностағы әскери қызметшілердің ұлттық мерекемен құттықтауы Қазақстан халқының бірлігі идеясын жарқын үлгіде көрсетті.

 «Жаңашыр жүрек» қайырымдылық акциясы барысында оқу орындарының офицерлері, сарбаздары мен курсанттары өмірде қиын жағдайда тап болған жандарға барынша қол ұшын созды.

__Последние новости

  • Басты назарда

Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі

17/09/2024 - 21:24
Админ
  • Басты назарда

Абай гарнизонындағы отбасы апталығы

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Мамандармен өткен кездесу

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

ҮЙДЕ ДЕ, ТҮЗДЕ ДЕ БІРГЕ

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

Дені сау ұрпақ – ұлт денсаулығы

17/09/2024 - 21:21
  • Басты назарда

Мерейді асырған отбасы

17/09/2024 - 21:20
  • Басты назарда

«Мектепке жол» акциясы

17/09/2024 - 21:19
  • Басты назарда

Балалардың көңілін көтерді

17/09/2024 - 21:18
  • Басты назарда

Жүйрік болсаң, озып көр

17/09/2024 - 21:14
  • Басты назарда

Әскери маман иесі – жауапты тұлға

17/09/2024 - 21:13
  • Басты назарда

Ертеңгі ел қорғаушылармен кездесті

17/09/2024 - 21:12
  • Басты назарда

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

17/09/2024 - 21:10
  • Басты назарда

Алдын алу шарасы

11/09/2024 - 23:53