Алматыда мерзімді әскери қызметке шақырылғандарды салтанатты түрде шығарып салды

Админ

Алматы гарнизонының қалалық жинау пунктінде "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының Семей қаласындағы әскери бөліміне шақырылғандарды шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Оларға қолдау көрсетіп, шығарып салуға Қарулы Күштердің ардагерлері, әскерге алынғандардың туған-туыстары келді. Жинау пунктінде мерекелік концерт өтті, онда Алматы әскери-техникалық мектебінің курсанттары мен Алматы қаласы мәдениет мекемелерінің әртістері өнер көрсетті.

Батырхан Шүкеновтің саксофондағы алғашқы жеке альбомынан "Отан ана" әнін 4-ші әскери-техникалық мектеп взводының курсанты халықаралық байқаулардың лауреаты, Soul музыкалық тобының жетекшісі Бейбарыс Мұхамеджан орындады.

"Синяя вечность" танымал әнін әскери-техникалық мектептің курсанты, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі Ерасыл Жұбандықов шырқады. Әскери-техникалық мектеп 2-ші взводының курсанты, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының әртісі, домбырашы Рауан Мағауин Құрманғазының "Адай" күйін тартты.

Республика күні әскери-техникалық мектептің курсанттары әскерге шақырылушылар мен ата-аналарға мерекелік тамаша көңіл-күй сыйлады. Жігіттер әскерге жақсы көңіл-күймен барады. Бір жылдан кейін олар шынығып, шымыр болып келетініне сенімдімін. Олар әскери-есептік мамандық меңгеріп, тәжірибе жинақтайды, кәсіп үйреніп, жұмысқа орналасады, – деді Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Ержан Хамитов.

Күзгі шақыру науқаны қыркүйектің басында басталып, биылғы жылдың соңына дейін жалғасатынын айта кету керек. Осы күзде әскер қатарына қызмет етуді кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы мыңнан аса алматылық мерзімді әскери қызметке шақырылады.

__Последние новости

  • Басты назарда

Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі

17/09/2024 - 21:24
Админ
  • Басты назарда

Абай гарнизонындағы отбасы апталығы

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Мамандармен өткен кездесу

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

ҮЙДЕ ДЕ, ТҮЗДЕ ДЕ БІРГЕ

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

Дені сау ұрпақ – ұлт денсаулығы

17/09/2024 - 21:21
  • Басты назарда

Мерейді асырған отбасы

17/09/2024 - 21:20
  • Басты назарда

«Мектепке жол» акциясы

17/09/2024 - 21:19
  • Басты назарда

Балалардың көңілін көтерді

17/09/2024 - 21:18
  • Басты назарда

Жүйрік болсаң, озып көр

17/09/2024 - 21:14
  • Басты назарда

Әскери маман иесі – жауапты тұлға

17/09/2024 - 21:13
  • Басты назарда

Ертеңгі ел қорғаушылармен кездесті

17/09/2024 - 21:12
  • Басты назарда

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

17/09/2024 - 21:10
  • Басты назарда

Алдын алу шарасы

11/09/2024 - 23:53