Елімізде офицерлер даярлайтын оқу орталығы туралы не білеміз?

Институттың бас міндеті – құрлық әскерлерінің жоғары мамандандырылған офицерлерін дайындау

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлер Әскери институтының ақпараттық-түсіндіру жұмыс тобы еліміздің түкпір-түкпіріндегі мектеп оқушыларымен кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізуде. Басты мақсат – жастарды жоғары әскери оқу орнындарында білім алуға шақыру және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарында қызмет өткеру ерекшеліктерімен таныстыру, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Осы мақсатта Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлер Әскери институтының бастығы полковник Бауыржан Ибатулин бастаған ақпараттық-түсіндіру тобы Шымкент қаласындағы Кеңес Одағының батыры генерал Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінде іссапарда болып қайтты.

Әскери ЖОО өкілдері оқушыларға видеоматериалдар мен ақпараттық буклеттер көрсете отырып, әскери институтқа түсу жолдарын түсіндірді. Жасөспірімдер видеоматериалдар арқылы әскери оқу ордасының тарихымен танысты және болашақ офицерлердің тыныс-тіршілігінен хабардар болды.

Кездесу барысында әскери институт бастығы полковник Бауыржан Ибатулин «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілерінің сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, Құрлық әскерлер Әскери институтының басқа ЖОО-ның оқу орындары алдындағы артықшылықтарымен, оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық базасымен, курсанттардың жетістіктерімен, институттың ғылыми қызметімен және халықаралық ынтымақтастығымен егжей-тегжейлі таныстырды. Оқыту мемлекет есебінен жүргізілетіні түсіндірілді, курсанттар тегін тамақпен және киім-кешекпен қамтамасыз етіледі, сол сияқты казармалық жағдайда оқитындары жайлы айтып өтті.

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының тарихы 1970 жылы құрылған И.С.Конев атындағы Алматы жоғарғы жалпы әскери командалық училищесінен бастау алады.

2020 жылдың 11 қыркүйектегі Үкімет қаулысымен Құрлық әскерлері Әскери институтына Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов аты берілді.

Институттың бас міндеті – құрлық әскерлерінің жоғары мамандандырылған офицерлерін дайындау. Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институты Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің Қарулы Күштері үшін әскери кадрларды бірлесе даярлайтын оқу орныдардың тізбесіне енгізілген. Бүгінде инститтутта Тәжікстан, Қырғызстан елдерінің курсанттары кәсіби білім алуда.

Қазақстан армиясы үшін сардарларды даярлайтын негізігі ұстаханаға айналған осынау білім ошағы әрдайым алдыңғы шепте.

Институтта болашақ офицерлерге оқу және сапалы жоғары білім алу үшін қажетті барлық жағдайлар жасалған. 

Институт замануи оқу-материалдық базамен, техникалық оқу құралдарымен қамтамасыз етілген. Институттытың лекциялық аудиториялары, кабинеттері және кластары ғылым мен техниканың заманауи даму деңгейінде әскери мамандарды дайындауға керектінің барлығымен және интернетпен жабдықталған. Оқу үдерісінде оқытудың заманауи техникалық құралдары компьютерлік және есептеу аппараттарын пайдалануда кеңінен қолданылады. 

Болашақ офицерлер институтта 4 жыл оқиды. Осы 4 жыл оқу уақытында курсанттар тегін білім алады, күніне 3 уақыт тегін тамақтанады, шәкірт ақымен, тегін киім-кешекпен және тегін медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі. Курсанттар жылына 2 рет демалысқа шығады, қыста-14 күн, жазда бір ай.

__Последние новости

  • Басты назарда

Шеберлік атыс даласында шыңдалады

22/09/2024 - 12:42
  • Басты назарда

Оқу-әскери жиыны басталды

22/09/2024 - 12:41
  • Басты назарда

Ашық есік күні

22/09/2024 - 12:40
  • Басты назарда

Әскерге шақыру жайы әңгімеленді

22/09/2024 - 12:39
  • Басты назарда

Астаналық жастар әскерге аттанды

22/09/2024 - 12:38
  • Басты назарда

Сән-салтанаты жарасқан шара

22/09/2024 - 12:37
  • Басты назарда

Атаулы күн атап өтілді

22/09/2024 - 12:35
  • Басты назарда

«Шексіз бауырластық-III» оқу-жаттығуы

22/09/2024 - 12:29
  • Басты назарда

Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Абай гарнизонындағы отбасы апталығы

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Мамандармен өткен кездесу

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

ҮЙДЕ ДЕ, ТҮЗДЕ ДЕ БІРГЕ

17/09/2024 - 21:22