Қазақстанда күзгі шақыру науқаны жалғасуда

Админ

Түркістан облысындағы шақыру барысымен Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басхожаев танысты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Ол облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде, Кентау қаласының жинақтау пунктінде болып, әскерге шақырылушылардың медициналық тексеруден, психологиялық тестілеуден өту сапасымен танысты.

Әскерге шақырылушылармен және олардың ата-аналарымен болған әңгімеде Тілеухан Қалилайұлы елді қорғау - әрбір ер адамның қасиетті парызы және міндеті екенін атап өтті.

Біздің ата-бабаларымыз ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен, ал біз, олардың ұрпағы, оны қорғауымыз керек. Қызмет сендерді шынықтырады, әрі болашақтағы мансап үшін де тамаша бастама болады, – деді әділет полковнигі Тілеухан Басхожаев.

Айта кету керек, күзгі әскерге шақыру науқанының жоспары бойынша Түркістан облысынан 18 бен 27 жас аралығындағы 2 мыңнан астам ер адам мерзімді әскери қызметке шақырылады.

Бүгінгі таңда Қарулы күштердің әскери бөлімдеріне, ҰҚК Шекара қызметіне және Мемлекеттік күзет қызметіне өңірден 700-ге жуық адам жіберілді. Күзгі шақыру науқаны ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02