Қорғаныс министрлігі әскери дипломаттарды қабылдауды ұйымдастырды

Админ

Іс-шара министрліктің қорғаныс саласында өзара іс-қимылды жүзеге асыратын 25 елдің өкілдерінің қатысуымен өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов 1990 жылы мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданған Республика күнінің маңызын айрықша атап өтті.

Министрдің орынбасары: «Егеменді мемлекеттіліктің негізгі қағидаттары ретінде біртұтас мемлекет, аумақтың тұтастығы, бөлінбейтіндігі мен қол сұғылмаушылығы, қазақ және өзге де этностардың өзіндік мәдениетін, дәстүрлерін, тілін жаңғырту және дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту белгіленді», – деп тәуелсіз Қазақстанның тұжырымдамалық негіздеріне тоқталып өтті. 

Генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов мемлекеттің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етудегі Қарулы күштердің рөліне тоқталды. Ол сондай-ақ қазіргі геосаяси жағдайдың құбылмалылығы халықаралық әскери ынтымақтастықтың қажеттілігін дәлелдейді екенін алға тартты.

Қорғаныс  министрлігі көпжақты форматта да, екіжақты қатынастарда да халықаралық әскери ынтымақтастықты дамытуға барынша көңіл бөледі. Халықаралық оқу-жаттығуларды өткізу достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ғана емес, елдеріміздің жауынгерлік әлеуетін арттыруға да ықпал етеді, – деді генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов. 

Сонымен бірге ол әскери-дипломатиялық корпусқа қазақстандық тараптың бастамаларын іс жүзінде жүзеге асыруға белсенді жәрдемдескені үшін ризашылығын білдірді.

Әскери-дипломатиялық корпус атынан әскери атташелердің қазақстандық ассоциациясының дуайені, Үндістанның Қазақстандағы елшілігінің өкілі полковник Дирадж Рамананд сөз сөйледі. 

Іс-шара ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы дайындаған мерекелік концертпен аяқталды.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19