Қазақстан әскерилері Оңтүстік Кореядағы авиациялық технологиялар көрмесіне барды

Админ

Қазақстан делегациясы ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Руслан Қоңыровтың басшылығымен Seoul ADEX 2023 халықаралық аэроғарыш және қорғаныс көрмесіне қатысты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Сапар барысында авиация генерал-майоры Руслан Қоңыровтың корей әріптесі генерал Чжонг Санг Хвамен екіжақты кездесуі өтті. Тараптар авиация саласындағы әскери ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.

Бес жүзден аса корей және шетелдік компаниялар Seoul ADEX көрмесінде "әуе тасымалдаушылары", "ұшақтар", "тікұшақтар", "әскери техника", "қорғаныс өнеркәсібі", "аэроғарыштық технологиялар", "навигациялық жабдықтар", "ғарыштық технологиялар" және т.б. тақырыптық бағыттар бойынша өздерінің жаңа үлгілерін, әзірлемелерін және өнімдерін таныстырды.

Seoul ADEX 2023 – жыл сайын әскери мақсаттағы өнімдерді сатып алуға, бірлескен зерттеу бағдарламаларын құруға және технологиялық серіктестікті дамытуға қызығушылық танытатын ондаған мың келушілердің басын қосатын көрме.

Әскер техникасын қайта жарақтандыру жөніндегі қойылған міндеттерді ескере отырып, қазақстандық мамандар әлемнің әскери-өнеркәсіптік компаниялары таныстырған қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілерімен танысты.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30