Астанада өрт сөндіруші Асқар Забикулинге арнап ескерткіш орнатылды

Биіктігі үш метр болатын ескерткіште Аскардың бюсті қоладан, ал төменгі бөлігі мәрмәрдан жасалған

Астанада № 6 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында ерлікпен қаза тапқан елордалық өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің құрметіне ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Ескерткіштің ашылу салтанатына және № 6 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне Асқар Забикулиннің есімі берілуіне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов, елорда әкімі Жеңіс Қасымбек, гарнизон басшылығы мен жеке құрамы, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, Асқардың туыстары мен жақындары қатысты.

«Әрбір адамның өмірі баға жетпес құнды, мемлекеттің стратегиясы ең алдымен азаматтарды қорғауға, төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға бағытталған. Сол себепті құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің еңбегі аса маңызды болып саналады. Бұл ескерткіш – Асқардың өжеттігінің, жанқиярлығы мен адалдығының белгісі. Бүгін біздің көңіліміз түсіп қайғырып, сонымен қатар, барлығымыз үшін үлгі болатын ерлікке деген шексіз құрмет пен таңдануға куә болып тұрмыз. Оның жасаған ерлігі азаматтарымыздың қауіпсіздігі жолындағы күресте бізге күш пен қуат беретін үлгі болсын. Асқар Забикулин біздің әріптесіміз ғана емес, сүйікті ұл, жар және әке болды және оның өмірден өтуі біздің жүрегімізге жазылмас жара салды. Біз оны әрқашан еңбекқор, ақылды және сүйіспеншілікке толы адам ретінде есте сақтаймыз», - деп атап өтті Сырым Шәріпханов өз сөзінде.

Ескерткіш тақтадан ақ жамылғыны алып тастағаннан кейін, жиналғандар мемориалға гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.

Биіктігі үш метр болатын ескерткіште Аскардың бюсті қоладан, ал төменгі бөлігі мәрмәрдан жасалған. Өрт сөндіру бөлімінің аумағында ағаштар отырғызылған, ескерткіштің айналасында орналасқан гүлдер мен бұталар бар.

Елордалық өрт сөндіруші Асқар Забикулин 2022 жылғы 20 қарашада тұрғын үй кешеніндегі өртті сөндіру барысында қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапты, онда ержүрек, батыр әрекеттерімен өз өмірін қатерге тігіп, үш адамның өмірін сақтап қалды. Президенттің Жарлығымен Асқар қайтыс болғаннан кейін І дәрежелі «Айбын» мемлекеттік наградасымен марапатталды.

__Последние новости

  • Басты назарда

Шеберлік атыс даласында шыңдалады

22/09/2024 - 12:42
  • Басты назарда

Оқу-әскери жиыны басталды

22/09/2024 - 12:41
  • Басты назарда

Ашық есік күні

22/09/2024 - 12:40
  • Басты назарда

Әскерге шақыру жайы әңгімеленді

22/09/2024 - 12:39
  • Басты назарда

Астаналық жастар әскерге аттанды

22/09/2024 - 12:38
  • Басты назарда

Сән-салтанаты жарасқан шара

22/09/2024 - 12:37
  • Басты назарда

Атаулы күн атап өтілді

22/09/2024 - 12:35
  • Басты назарда

«Шексіз бауырластық-III» оқу-жаттығуы

22/09/2024 - 12:29
  • Басты назарда

Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Абай гарнизонындағы отбасы апталығы

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Мамандармен өткен кездесу

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

ҮЙДЕ ДЕ, ТҮЗДЕ ДЕ БІРГЕ

17/09/2024 - 21:22