Алматыда оқушыларды әскери өмірге қызықтыру үшін қандай шаруалар атқарылып жатыр

Оқушыларға оқу-жауынгерлік техника мен атыс қаруы үлгілерінің көрмесі ұйымдастырылды

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында мектеп оқушыларына арналған ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Жасөспірімдерге әскери институтқа қабылдау тәртібі және мұнда оқудың артықшылықтары жайында айтылды. Жоғары оқу орнының кафедраларына барған кезде оқытушылар әр мамандықтың өзіне тән ерекшеліктері туралы жан-жақты әңгімелеп берді. Балалар оқу сыныптарын аралап, казармада, спорт залында және асханада болды.

«Біздің жоғары оқу орнында бес инженерлік-техникалық мамандық бойынша офицерлерді оқытады. Бүгінгі таңда мұндай сала мамандары тек Қарулы Күштерде ғана емес, сонымен қатар экономиканың нақты секторында да сұранысқа ие. Сондықтан біздің институтта білім алу мүмкіндігін жіберіп алмаңдар», – деді оқушылармен кездесу барысында Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы полковник Қайрат Дәуітов.

Оқушыларға оқу-жауынгерлік техника мен атыс қаруы үлгілерінің көрмесі ұйымдастырылды. Нұсқаушылар автоматты бөлшектеп-құрастыру әдістерін көрсетті, жалпыәскери қорғаныс жиынтығын кию ережелерімен таныстырды.

«Бала күнімнен әскери адам болуды армандаймын. Бүгін мен көптеген қызықты және пайдалы ақпарат алдым. Келесі жылы осы оқу орнына түсемін», – деді № 95 жалпы білім беру мектебі «Жас сарбаз» 9-сыныбының оқушысы Артем Смирнов.

Жоғары оқу орнын аралау бағдарламасы бойынша армия қоян-қолтық ұрысының элементтері және әскери ансамбль әртістерінің өнері көрсетілді.

Оқушылар ұйымдастырушыларға танымдық экскурсия үшін ризашылығын білдірді. Бұл олардың кейбірі үшін мамандық таңдауда маңызды қадам болуы мүмкін.

__Последние новости

  • Басты назарда

Шеберлік атыс даласында шыңдалады

22/09/2024 - 12:42
  • Басты назарда

Оқу-әскери жиыны басталды

22/09/2024 - 12:41
  • Басты назарда

Ашық есік күні

22/09/2024 - 12:40
  • Басты назарда

Әскерге шақыру жайы әңгімеленді

22/09/2024 - 12:39
  • Басты назарда

Астаналық жастар әскерге аттанды

22/09/2024 - 12:38
  • Басты назарда

Сән-салтанаты жарасқан шара

22/09/2024 - 12:37
  • Басты назарда

Атаулы күн атап өтілді

22/09/2024 - 12:35
  • Басты назарда

«Шексіз бауырластық-III» оқу-жаттығуы

22/09/2024 - 12:29
  • Басты назарда

Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Абай гарнизонындағы отбасы апталығы

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Мамандармен өткен кездесу

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

ҮЙДЕ ДЕ, ТҮЗДЕ ДЕ БІРГЕ

17/09/2024 - 21:22