Қорғаныс министрінің орынбасары елдің шығысы мен батысындағы гарнизондарға барды

Жылу беру маусымына дайындығы тексерілді

Жұмыс сапары барысында Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов әкімдермен кездесіп, әскери бөлімдер мен мекемелердің жылу беру маусымына дайындығын тексерді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Өңірлерде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевпен, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровпен, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовпен, Алакөл ауданының әкімі Алмас Абдиновпен кездесулер өтті. Әскери қалашықтарды абаттандыру, жергілікті атқарушы органдардың балансындағы тұрғын үйлерді жөндеу, инженерлік желілер, Жем қаласындағы екі тұрғын үйді Қорғаныс министрлігінің қарамағына беру, жергілікті қордан әскери госпитальдар мен лазареттерге нысандар бөлу мәселелері талқыланды.

Келіссөздердің нәтижесі бойынша атқарушы билік органдарының басшылары әскери қызметшілер тұрақты орналасқан жерлерде әлеуметтік-мәдени, коммуналдық-тұрмыстық жағдайларды жақсартуға бағытталған мәселелер кешенін шешуге жәрдемдесуге дайын екендіктерін жеткізді.

Үшарал, Аягөз, Өскемен, Абай, Ақтөбе, Ақтау, Атырау гарнизондарын аралау барысында министрдің орынбасары генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов басқарған комиссия инфрақұрылымның қысқы кезеңге дайындығын, ағымдағы және күрделі жөндеулерді, модульдік ғимараттарды салу жөніндегі жұмыстардың орындалу мерзімдерінің сапасы мен сақталуын тексерді. Медициналық көмек көрсетуге, әскери қызметшілерді емдеуге және оларды қызметке қайтаруға жауапты медициналық мекемелердің қызметін ұйымдастыру бойынша бірқатар нұсқаулар берілді.

Мерзімді қызметтегі сарбаздарды заттай мүлікпен қамтамасыз етуге, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлардың жай-күйіне, жеке құрамды тамақтандыруды ұйымдастыруға байланысты мәселелер зерделенді.

ҚР Қарулы күштерін құру  және дамыту тұжырымдамасына сәйкес салынып жатқан инженерлік оқ-дәрілер базасына, әскери бөлімдер мен мекемелерді қайта орналастыру орындарын тексеру жүргізілді. 

Комиссия құрамына кіретін офицерлер тыл қызметтерінің есебін жүргізу тәртібі мен есептілігінің жай-күйін, жанар-жағар майды есептен шығарудың болуы мен заңдылығын тексерді. Бөлімшелер басшылығына тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтауды және азық-түлік қызметін ұйымдастыру мәселелерінде практикалық көмек көрсетілді.

Айта кету керек, барлық гарнизондарда жылу желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Бақылау оттықтары және жылыту жүйелерін гидравликалық сығымдау жүргізілді. Отын толық көлемде жеткізілді. 

Гарнизондардың 13 аудандық пайдалану бөлімінде жылыту кезеңі басталды. Оңтүстік және батыс өңірлердің АПБ жылыту маусымына дайын. Жылу беру бес күн бойы орташа тәуліктік температура +10 градусқа дейін және одан төмен түскеннен кейін ұйымдастырылады.

Гарнизондарға бару қорытындысы бойынша Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшыларына, әскери инфрақұрылым бас басқармасының, бас әскери-медициналық басқарманың бастықтарына, әскери бөлімдердің командирлері мен аудандық пайдалану бөлімінің бастықтарына аумақтарды одан әрі абаттандыру, үй-жайларды жөндеу және Қарулы күштер объектілерінің инфрақұрылымына қатысты басқа да мәселелер бойынша хаттамалық тапсырмалар берілді.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Бүгін, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

Кеше, 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22