Еуропарламент ассамблеясы Путин мен оның генералдарын соттау мәселесін көтерді

Сондай-ақ Ресейдің мемлекеттік активтерін тәркілеп, Украинаға арналған халықаралық өтемақы қорына аудару мәселесі қозғалды

Админ

Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясы (ЕКПА) Ресей басшыларын соттау және санкцияларды күшейту жоспарларын белгіледі. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Страсбургтегі бірлескен пікірталастан кейін қабылданған үш қарарда ЕКПА Владимир Путин мен оның генералдарын Украинаға жасалған агрессия үшін жауапкершілікке тарту, Ресейге қарсы санкцияларды күшейту жоспарларын белгіледі», - делінген ЕКПА хабарламасында.

Ассамблея сондай-ақ Ресейдің мемлекеттік активтерін тәркілеп, Украинаға арналған халықаралық өтемақы қорына аудару мәселесін қозғады.

Ассамблея жеке қарарында Ресейге қарсы қолданылып жүрген санкциялардағы «көлеңкелі флот» кемелерін тізімге енгізу және оларға тыйым салу, экспорттық бақылауды күшейту және еншілес компаниялардың әрекеттері үшін бас компанияларды жауапкершілікке тарту сияқты ұсыныстарын білдірді.

Үшінші қарарында Ассамблея Ресейдің Украина халқының мәдени болмысын өшіру үшін балаларды «орыстандыру», тарих оқулықтарын қайта жазу, мұрағаттарды жою сияқты жүйелі әрекеттерін айыптады.

«Бұл – әскери қылмыс және адамзатқа қарсы жасалған қылмыс», - деді парламентшілер.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19