Боливияда мемлекеттік төңкеріс жасалмақ болды

Шабуылды генерал Хуан Хосе Суньига басқарды

Админ

Боливияда әскери төңкеріс жасауға әрекеттенген генерал Хуан Хосе Зуниганы полиция тұтқынға алды. Ол ел астанасы Ла-Пастағы президент сарайын қоршап алып, басып кіруге әрекеттенгеннен болатын. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік төңкеріс жасалмақ болған әрекет сәтсіз аяқталды, әскерилер шегінуге мәжбүр болды.

Осыған дейін Боливия президенті Луис Арсе ел астанасы Ла-Пастағы президент резиденциясына әскерилер басып кірмек болған соң ел тұрғындарын төңкеріс әрекетіне қарсы тұруға шақырған.

«Боливия халқы демократия үшін мемлекеттік төңкеріске қарсы тұрып, жұмылуы қажет. Біз тағы боливиялықтардың өмірін қауіп төндіретін төңкеріс әрекеттеріне жол бере алмаймыз», - деді президент ел азаматтарына.

Сәрсенбі күні кешке әскерлер үкіметтік ғимараттар орналасқан Ла-Пастағы Мурильо алаңының кіреберістерін жауып тастады, содан кейін танк сарай қақпасын бұзып өтуге әрекеттенді. Алаңда броньды техника мен сарбаздар позицияларға бөлінді.

Шабуылды басқарған генерал Хуан Хосе Суньига армияның мақсаты елде демократияны қалпына келтіру екенін айтты. Ол сондай-ақ саяси тұтқындарды түрмеден босатуға уәде берді.

«Қарулы күштер демократияны қайта құрып, нағыз демократияға айналдыруды көздеп отыр. Оны 30-40 жыл бойы санаулы адамдар басқарды», - деді генерал президент сарайының сыртында сарбаздар мен сегіз танктің қоршауында.

Кейін президент қарулы күштердің жаңа басшылығына ант бергенін хабарлады. Жаңа командир Хосе Санчес Веласкес болды. Ол сарайдан шегінуге және бөлімдерге оралуға бұйрық берді. Осыдан кейін әскерилер Мурильо алаңынан кете бастады.

Боливияның Бас прокуратурасы Суньига мен шабуылдың басқа қатысушыларының әрекеттеріне қатысты тергеуді бастады. Генерал қамауға алынды.

__Последние новости

  • Басты назарда

Астана полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Бүгін, 15:47
Аян Кайырбаев
  • Басты назарда

БҰҰ Бас хатшысы Қазақстанға келеді

Кеше, 14:51