Прокурорлар Шымкентте жеке үйде есірткі зертханасын анықтады

Шамамен 10 келіге жуық мефедрон синтетикалық есірткі тәркіленді

Админ

Шымкент қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасы арнайы операция жүргізу барысында «Бозарық» шағын ауданында орналасқан жеке үйде синтетикалық есірткі дайындау зертханасы анықталды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған мекенжайды тінту кезінде зертханалық құрал-жабдықтар, прекурсорлар және өткізу мақсатында заңсыз дайындалған аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткі заттары анықталды.

«Шамамен 10 келіге жуық мефедрон синтетикалық есірткі және 2 тонна көлемдегі прекурсорлар тәркіленді.

Аса iрi мөлшерде есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, өткізу фактісі бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

Шымкент қаласының прокуратурасы азаматтарды бей-жай қалмауға және мұндай фактілер анықталған жағдайда, дереу 102 нөміріне хабарласуға шақырады.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19