Тоқаев Мальтаның СІМ басшысын қабылдады

Кездесуде ЕҚЫҰ аясындағы ықпалдастықтың жай-күйі талқыланды

Админ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мальтаның Сыртқы істер министрі Иан Борчты қабылдады. Бұл туралы Sarbaz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы, Мальтаның Сыртқы, еуропалық істер және сауда министрі Иан Борчпен кездесу барысында екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелері, сондай-ақ ЕҚЫҰ аясындағы ықпалдастықтың жай-күйі талқыланды.

Мемлекет басшысының айтуынша, ЕҚЫҰ қауіпсіздікке төнетін қазіргі сын-қатерлер жағдайында біздің аймақта және одан тыс жерлерде барлық үш өлшем бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев 2010 жылғы ЕҚЫҰ саммитінің Астана декларациясында бекітілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан барлық тараппен тығыз ынтымақтастық жасауға бейілді екенін растады.

– Біз осы ізгі мақсаттарға жету үшін бар күш-жігерімізді жұмсауға, сондай-ақ жан-жақты ынтымақтастыққа негізделген қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Ұйымға төрағалық етіп отырған Мальтамен бірлескен жұмыстарды жалғастыруға дайынбыз, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мальта Президенті Мириам Спитери Дебоноға ізгі тілегін жолдап, екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға және Қазақстан мен Мальта байланыстарына тың серпін беруге әзір екенін жеткізді.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19