Қазақстандағы әскери нысандардың дайындағы қандай деңгейде?

Шілде айының ортасында «Шығыс» полигонына 1,5 мыңға жуық адам әскери қызметке шақырылады

Админ

Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Абай және Аягөз гарнизондарының әскери нысандарын тексерді. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ол тексерген алғашқы пункт «Шығыс» түраралық полигоны болды. Шілде айының ортасында мұнда әскери міндеттілердің жиыны басталады, оған 1,5 мыңға жуық адамды шақыру жоспарланып отыр.

«Қорғаныс министрі оқу-жаттығу орталығының резервшілрге сабақ өткізуге, ал 35411 әскери бөлімінде – оқу-жаттығу жиынға шақырылатын жеке құрамды қабылдау пунктін дайындақтарын зерделеді. Генерал-полковник Руслан Жақсылықов аумақтық қорғаныс бригадаларының құрамын жауынгерлік даярлықтың қажетті деңгейінде ұстаудың маңыздылығын атап өтті.

30217 әскери бөлімінің жауынгерлік машиналар паркінде ол қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеуді ұйымдастыруды және оны ұзақ мерзімді сақтауға қалай дайындайтынын қарады. Қорғаныс ведомствосының басшысы сонымен қатар 30217 әскери бөлімінде модульдік казарма ғимараттарын монтаждау мен асхананы салу, 74884 әскери бөлімінде объектілер салу жұмыстарының барысымен танысты.

Аягөз гарнизонында Руслан Жақсылықов жұмыс сапарын «Майлин» оқу-жаттығу полигонынан бастады. Министрге броньды нысандарды жою, қарсыластың ұшқышсыз басқарылатын аппараттарына қарсы тұру, басқару арналарын құрту және электронды күрес арқылы дрондарды навигациялау тәсілдері, оған қоса аталғандардың басқа да оқу-жауынгерлік мүмкіндіктері көрсетілді», - делінген хабарламада.

Гарнизонның әскери бөлімдеріне барған кезде қорғаныс ведомствосының басшысы әскерлердің тыныс-тіршілігі үшін модульдік ғимараттар салу бойынша орындалған жұмыстардың барысымен танысты. Бұдан басқа министр гарнизон әскери қызметшілерінің отбасы мүшелері тұратын «Южный» әскери қалашығының тұрғын үйлерін ағымдағы жөндеудің сапасын тексерді.

Сапар соңында генерал-полковник Руслан Жақсылықов жауынгерлік даярлық іс-шараларын сапалы орындау, әскери объектілерді салу мерзімдерін сақтау, қару-жарақ пен әскери техниканы тиісті жағдайда ұстау бойынша бірқатар міндеттер қойды. Әсіресе мүлік пен оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтауға жіті назар аударды.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30