НАТО-ның келесі бас хатшысы анықталды

1 қазанда НАТО-ның қазіргі бас хатшысы Йенс Столтенбергтің өкілеттігі аяқталады

Админ

НАТО-ға мүше елдер альянстың жаңа бас хатшысы қызметіне Марк Рюттенің кандидатурасын бірауыздан мақұлдады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

1 қазанда НАТО-ның қазіргі бас хатшысы Йенс Столтенбергтің өкілеттігі аяқталады. Ол осыған дейін бұл қызметте қалмайтынын мәлімдеген.

Столтенбергтің орнына неміс Урсула фон дер Ляйен ұсынылды. Бірақ Германия билігі бұған қарсы болды.

Одан кейін ең ықтимал үміткер 57 жастағы Нидерландтың премьер-министрі Марк Рютте болды. Ақпан айында оны альянсқа мүше 32 елдің 21-і, оның ішінде АҚШ, Германия, Ұлыбритания және Франция ұсынған болатын. Бірақ кейбір мемлекеттер бұған қарсы болды. Ал НАТО ережесі бойынша бас хатшыны тағайындау үшін барлық елдің мақұлдауы қажет.

Өткен сейсенбі күні Венгрия, Словакия және Түркия Рюттенің кандидатурасына қойған ветоны алып тастады.

Келесі аптада Марк Рютте Йенс Столтенбергтің ізбасары ретінде ресми таныстырылуы мүмкін.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19