Тоқаевқа ТЖМ басшысы есеп берді

Министрдің айтуынша, 20 өрт сөндіру депосының құрылысы жүргізіліп жатыр

Админ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновті қабылдады. Бұл туралы Sarbaz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Президентке Төтенше жағдайлар министрлігінің атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспары жөнінде есеп берілді.

Мемлекет басшысына Төтенше жағдайлар министрлігінің штаттық құрылымын оңтайландыру және материалдық-техникалық құралдармен жабдықталу деңгейін арттыру мәселелері туралы баяндалды.

«Шыңғыс Әрінов Азаматтық қорғау академиясының құрылысы, әуе авиациясы паркін жаңарту және Каспий теңізінің жағасында Ұлттық теңіз жасағын құру жұмыстары жайында айтты.

Министрдің айтуынша, 20 өрт сөндіру депосының құрылысы жүргізіліп жатыр, сондай-ақ елордада тез құрастырылатын өрт сөндіру депосы мен жатақхана салу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылған. Бұдан бөлек, министрлік әртүрлі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жедел әрекет ету шараларын жетілдіру жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар Президентке құтқару бөлімшелерін цифрландыру, кадрлық әлеуетті арттыру және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қолдауды күшейту шаралары туралы мәлімет берілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ТЖМ құрылымын жетілдіру жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді», - делінген Ақорда хабарламасында.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02