Елордада ҰҚШҰ министрлер кеңесі жанындағы жұмыс тобының отырысы өтті

Оған Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан өкілдері қатысты

Админ

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде өткен кезекті отырыста электрондық күресті ұйымдастыру және оны жүргізу мәселелері талқыланды. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оған Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қорғаныс ведомстволарының радиоэлектрондық күрес басқарма органдарының басшылары қатысты.

ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Фазылолла Бәденов кездесуге қатысушыларға арнап сөз сөйледі.

Жұмыс тобының мүшелері қазіргі заманғы қарулы қақтығыстарда электрондық күрес күш-құралдарын қолдану тәжірибесін және мүше елдердің қарулы күштерін үйлесімді техникалық үлгілермен жарақтандыру перспективаларын қарастырды. Отырыста оған қоса ҰҚШҰ-ның Ұжымдық жедел әрекет ету күштерімен «Өзара іс-қимыл-2023» оқу-жаттығуы шеңберінде электрондық күрес бөлімшелерін бірлесіп қолдануды ұйымдастыру нәтижелері де айтылды.

Тараптар радиоэлектрондық күрес саласындағы Ұйымның нормативтік құқықтық базасын одан әрі жетілдіруді орынды дейді.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19