«Бейбіт тұрғындарды қорғау»: бітімгерлер қандай қиындықтарға тап болады?

Қарулы қақтығыстарда бейбіт тұрғындар арасынан да құрбан болатындар аз емес

Админ

Бітімгерлік операциялар орталығында еліміздің Қорғаныс, Төтенше жағдайлар министрліктері мен Ұлттық ұланның, сондай-ақ Германия, Иордания, Қытай, Тунис, Түркия және Франция Қарулы күштерінің әскери қызметшілері БҰҰ-ның «Бейбіт тұрғындарды кешенді қорғау» халықаралық сертификатталған курсынан өтіп жатыр. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сабақтар презентациялық түрде, әрі бейнематериалдарды қолдану арқылы ағылшын тілінде өтуде. Онда тыңдаушыларды БҰҰ бітімгерлік операцияларындағы бейбіт тұрғындарды қорғау тұжырымдамасының негізгі ережелерімен таныстырып, әлеуметтік осал топтардың қауіпсіздігін жоспарлау, ұйымдастыру және қамтамасыз ету кезіндегі жұмыс тәртібіне түсініктемелер береді.

– Қарулы қақтығыстарда бейбіт тұрғындар арасынан да құрбан болатындар аз емес. Сондықтан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі БҰҰ миссияларына қатысуды жоспарлап отырғандар үшін өтуі қажет осы оқыту курсын енгізді, – деп түсіндірді курс жетекшісі – орталықтың бітімгерлік дайындық басқармасының офицері майор Серік Жұмабеков.

Дайындық барысында орталық нұсқаушылары мен БҰҰ құрылымдарының мамандары аралас сценарийлер арқылы мәселелерді шешуді пысықтайды. Олар сонымен бірге топ құрамында әртүрлі жағдайларда туындайтын проблемалық мәселелерді талқылап, содан кейін пленарлық отырыстарда оларды шешу жолдарын қарастырады.

– Бітімгерлер көбінесе қатал климаттық жағдайларда және шектеулі ресурстар шеңберінде бейбіт тұрғындарды қорғауды қамтамасыз етеді, – деп атап өтті БҰҰ-ның екі миссиясында жұмыс тәжірибесі бар жеке дайындық қызметінің бастығы майор Арман Тастанбеков. – Сонымен қатар тез өзгеретін ортада қауіпсіздік тұрғысынан тәуекелдер пайда болады. Біз мұның бәрін білім алушыларға жеткіземіз.

Сабақ барысында тыңдаушылар қарулы қақтығыстардағы адам құқықтарының бұзылу түрлерімен танысып, гуманитарлық көмек көрсету үшін қолайлы жағдайлар жасау аспектілерін, сондай-ақ күш-қуат қорғанысын қамтамасыз ету және азаматтардың түрлі зорлық-зомбылық түрлерінен қорғау қағидаттарын зерделейді.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Бүгін, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

Кеше, 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22