Путин Украинаға қару-жарақ берген елдерді сынға алды

Ресей мен Солтүстік Корея қорғаныс бағытында келісім жасады

Админ

Владимир Путин КХДР-ға сапарында Ресей аумағындағы нысандарға шабуыл жасау үшін Батыс елдерінің Украинаға қару-жарақ жеткізуін «Батыс елдерінің әртүрлі халықаралық міндеттемелер аясында қабылдаған шектеулерін өрескел бұзу» деп атады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Путин бұл пікірін Ресей мен Солтүстік Корея арасында қол қойылған стратегиялық серіктестік туралы келісімді жариялау кезінде айтты.

«Бүгін қол қойылған жан-жақты серіктестік келісімі тараптардың біріне өзге елдер агрессия жасаған жағдайда өзара көмек көрсетуді де қарастырады», - деді Путин Ким Чен Ынмен келіссөздер қорытындысы бойынша.

Ким Чен Ын келісімнің «бейбіт және қорғаныс сипатында» екенін атап өтті.

«Ресей де, Корея да тәуелсіз сыртқы саясат жүргізеді және бопсалау мен диктатура тілін қабылдамайды», - деді Путин.

КХДР басшысы бұған дейін Ресейдің Украинадағы соғысын толық қолдайтынын білдірді. Ким Чен Ынның пікіріне Путин алғыс білдірді.

«Біз сіздің ресейлік саясатты, оның ішінде украиналық бағыттағы тұрақты және мызғымас қолдауыңызды жоғары бағалаймыз», - деді Ресей президенті.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22