110 мың адам: Қазақстан әлемде әскер саны бойынша 46-орында тұр

Талибан билікке келгеннен кейін Ауғанстанда қарулы күштер таратылды

Админ

Қазақстан әлемде әскер саны бойынша 110 мың адаммен 46-орында. Көрсеткіш Ресейді қоспағанда, Орталық Азия мен ЕАЭО елдерінен жоғары. Тізім әр елдің құрлықта, теңізде және әуеде соғыс жүргізудегі әлеуетіне негізделген, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

GlobalFirepower мәліметтері бойынша, Вьетнам, әлемдегі ең үлкен армияға ие – 5,6 миллион адам. Бір жағынан бұл формальдылық: 600 мың адам ғана белсенді әскери қызметші, ал 5 миллионы запаста екенін айта кеткен жөн. Одан кейінгі орында Оңтүстік Корея: 3,6 миллион адам, оның 600 мыңы белсенді әскери, 3,1 миллионы – запаста. Ресей үшінші орында: 3,3 миллион әскери қызметкер, оның 1,3 миллионы – белсенді әскери қызметкер және 2 миллионға жуық адам – резервте.

Бір миллионнан астам әскери қызметкері бар елдер: Үндістан (2,6 миллион), Қытай (2,5 миллион), Тайвань (ҚХР) (2,5 миллион), АҚШ (2,1 миллион), Украина (2,1 миллион), Солтүстік Корея (1,9 миллион), Филиппин (1,4 миллион), Пәкістан (1,2 миллион) және Ұлыбритания (1,1 миллион).

GFP рейтингі бойынша ең әлсіз армиялар Люксембург (1 мың адам), Либерия (1,5 мың адам) және Суринам (2 мың адам) елдеріне тиесілі. Айта кетейік, GFP сарапшыларының пікірінше, тағы үш елдің армиясы жоқ: Ауғанстан, Панама және Исландия. Панама өз армиясын жауып тастады, ал Исландия тұрақты армиясы жоқ НАТО-ның жалғыз мүшесі. Талибан билікке келгеннен кейін Ауғанстанда қарулы күштер таратылды.

63 мың адамдық армиямен Беларусь 65-орында, Армения 67-орында (57,5 мың), Өзбекстан 74-орында (48 мың), Түрікменстан 86-орында (36,5 мың), Қырғызстан 103-104 орындарда тұр. Литва (23 мың), ал Тәжікстан 126 орында (9,5 мың).

__Последние новости

  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Кеше, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39