Украинада түрмеде отырған үш мыңға жуық адам қарулы күштер қатарына қосылды

Алғашқы толқында кемінде төрт мың тұтқынды Украина қарулы күштеріне жіберу жоспарланған

Админ

Украинаның әділет министрі Денис Малюсканың айтуынша, қарулы күштер қатарына түрмеде отырған үш мыңға жуық адам қосылды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі The Washington Post-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Әділет министрінің айтуынша, бірінші толқында кем дегенде төрт мың тұтқынды Украина қарулы күштеріне жіберу жоспарланған. Олар бұрынғы тұтқындардан тұратын «арнайы қауіпті шабуыл бригадаларында» ғана қызмет етеді.

«Тұтқындардың ынтасы қарапайым сарбаздарға қарағанда күштірек. Оларды түрмеден босататыны туралы шарт қызықтырады. Олар өз елін қорғағысы әрі өткенінен арылғысы келеді», - деді Малюска.

Жоғарғы Рада осы жылдың мамыр айының басында тұтқындардың жекелеген санаттарын Украина Қарулы күштері қатарына ерікті түрде мобилизациялау туралы заң жобасын қабылдады.

Құжатқа сәйкес, жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған тұтқындардың кейбір санаттары сот шешімімен шартты түрде мерзімінен бұрын босату негізінде Украина Қарулы күштері қатарына өз еркімен қосыла алады. Бұл ретте мобилизация құқығын осы санаттағы үш жылдан аспайтын мерзімге сотталғандар ғана алады.

Сондай-ақ, заң бойынша мұндай әскери қызметшілермен келісімшарттар әскери қызметтің ерекше мерзімі аяқталғаннан кейін немесе демобилизация жарияланғаннан кейін тоқтатылады. Бұл әскери қызметкерлерге демалыс берілмейді. Егер мобилизацияланған сотталушы қызмет өткеру уақытында жаңа қылмыс жасаса, онда оның жаңа жазасына бұрынғы жазасы бойынша өтелмеген бөлігі қосылады.

__Последние новости

  • Басты назарда

ЖЫР-ТАРТУ: ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ

Кеше, 15:28
Админ
  • Басты назарда

Ұйыған отбасы – мықты әскердің негізі

07/06/2025 - 14:28
  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

06/06/2025 - 10:27
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08
  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

29/05/2025 - 09:06
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

29/05/2025 - 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03