Израиль Рафахта тактикалық үзіліс жасайтын болды

Бұл гуманитарлық көмектің жетуі үшін маңызды

Админ

Израиль әскері Газа секторының оңтүстігіндегі соғысты күндізгі уақытта тоқтататынын мәлімдеді. Тактикалық үзілістер туралы шешім Палестина анклавына гуманитарлық көмек көлемін арттыру мақсатында қабылданды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Израиль бұл шешімді БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдармен кеңескеннен кейін қабылдады. IDF мәлімдемесінде үзілістер келесі ескертуге дейін күн сайын орындалатыны айтылды.

Таңертеңгі сағат 8-ден кешкі 7-ге дейінгі үзіліс азық-түлік пен басқа да көмекті тасымалдайтын жүк көліктерінің Керем Шалом бақылау-өткізу пунктіне, одан кейін Салах ад-Дин тас жолына және анклавтың солтүстігіне аман-есен жетуіне мүмкіндік беруі керек. 

Израиль Рафахты басып алғаннан кейін бейбіт тұрғындардың жағдайы тіптен нашарлай түсті. Осыған байланысты Израильге халықаралық қысым күшейді.

Тактикалық үзілістерді енгізу туралы шешіммен израильдік саясаткерлер толықтай келіскен жоқ. Бұл шешімді әсіре оңшыл ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир қатты сынға алды. Артынша IDF бұл үзіліс Рафахтағы операцияның аяқталуын білдірмейтінін мәлімдеді.

Палестина анклавындағы гуманитарлық жағдай қазір өте ауыр күйде. Бейбіт тұрғындарға азық-түлік пен таза ауыз су жетіспейді, бұл әсіресе жаздың ыстық күндерін ескерсек, жағдайды тіптен ушықтырады. Ал ағын су жұқпалы аурулардың таралу қаупін арттырады. БҰҰ агенттіктерінің мәліметінше, Газада миллионнан астам адам шілде айының ортасына қарай қатты ашаршылыққа ұшырауы мүмкін.

__Последние новости

  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Бүгін, 10:21
Админ
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Кеше, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28