Жолаушыны зорлағаны үшін сотталған қос жолсерік түрмеден шықты

Оқиға 2018 жылы Астана-Ақтөбе арасына қатынайтын «Тұлпар-Тальго» пойызында болды

Админ

2018 жылы «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызында жолаушыны зорлаған екі жолсерік те бостандыққа шықты. Оның бірі жазасын толық өтеді, екіншісі шартты түрде уақытынан ерте босап шықты, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

Оқиға 2018 жылы Астана-Ақтөбе арасына қатынайтын «Тұлпар-Тальго» пойызында болды. Іс материалына сүйенсек, Астанадан Ақтөбеге қайтып келе жатқан әйелді екі жолсерік зорлады деген айып тағылды. Іс Қылмыстық кодекстің «Зорлау» бабы бойынша қаралып, 2019 жылы Қостанай қаласында үкім шықты. Сол кезде Қ.С.Құрманияз және Ж.А.Умбеталиев 5 жылға бас бостандығынан айырылды. 

«Ақтөбе облыстық соты 23.08.2022 жылы сотталушы Қ.С.Құрманияздың жеке шағымымен келіп түскен жадығатты қарады. Сотталушы Қ.С.Құрманияз тағайындаған жазасының 1/2 бөлігін өтеген. КА-168/2 мекемесінің әкімшілігі тарапынан жақсы жағынан мінезделетіні, екі рет көтермелеу шараларына ие болғаны, сот үкімімен мемлекет кірісіне өндірілген процестік шығынды және жәбірленушінің өтемақы қорына өндірілген мәжбүрлі төлемді толық төленгені ескерілді. Ақтөбе қаласының №2 соты 22.06.2022 жылғы қаулының күшін жойып, сотталушы Қ.С.Құрманияздың шартты түрде босату туралы өтінішін қанағаттандырды», – деп хабарлады Ақтөбе қаласының №2 сотының баспасөз қызметі. 

Ал екінші сотталушы Ж.А.Умбеталиев биыл 9 сәуір күні жазасын толық өтеп шықты. Ол 2019 жылы Қылмыстық кодекестің 120-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30