Аргентинада президенттің реформаларына қарсы наразылық шеру соңы қақтығысқа ұласты

Хавьер Милейдің Аргентина экономикасын жандандыру үшін ұсынған реформалар пакеті экономикалық төтенше жағдай жариялауды, зейнетақыны қысқартуды және еңбек құқықтарын шектеуді қамтиды

Админ

Буэнос-Айресте полиция заңнамаға енгізілген өзгерістер талқыланып жатқан Ұлттық конгресс ғимаратының маңында Аргентина президенті Хавьер Майлидің реформаларына қарсы наразылық акциясын тарату үшін көзден жас ағызатын газ бен су атқыштарын қолданды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Реформалардың миллиондаған аргентиналықтарға зиянын тигізетінін алға тартқан шерушілер полицияға қарай жанармай құйылған шөлмек пен тас лақтырып, екі көлікті өртеп жіберді. Акцияның бірнеше қатысушысы жарақат алды.

Аргентинаның Қауіпсіздік министрлігі AFP агенттігіне берген мәліметінше, кем дегенде тоғыз полиция қызметкері зардап шегіп, 10 адам қамауға алынды.

Хавьер Милейдің Аргентина экономикасын жандандыру үшін ұсынған реформалар пакеті экономикалық төтенше жағдай жариялауды, зейнетақыны қысқартуды және еңбек құқықтарын шектеуді қамтиды.

Шеруді ұйымдастырған солшыл партиялар, кәсіподақтар мен қоғамдық ұйымдар бұл шараларға қарсы шықты.

Милейдің баспасөз қызметі шерушілер төңкеріс жасап, Конгресс жұмысына кедергі жасамақ болғанын, ал қауіпсіздік күштері «террористік топтарды басып-жаншуға әрекет жасады» деп мәлімдеді.

600-ден астам баптан тұратын реформалардың бастапқы пакеті өткен жылдың соңында парламентке жіберілген болатын. Оппозицияның қысымымен ол кері қайтарылып, елеулі өзгерістермен қайта енгізілді (онда 238 бап қалды).

Конгресс депутаттарының палатасы жаңа жобаны сәуір айында мақұлдады. Сенат оны сәрсенбіде талқылады.

Жоғарғы палатада сөз сөйлеген оппозициялық заң шығарушылар реформалар пакеті елді ондаған жылдарға артқа тастайтынын айтты.

«Аргентинада бізді 100 жылға артқа тастайтын заң талқыланып жатқанына сене алмай отырмыз», - деді наразылық білдірушілердің бірі, 55 жастағы заңгер Фабио Нуньес.

Нәтижесінде кешке қарай Сенат реформалар жобасын жалпы мақұлдады, ал оны талқылау бейсенбі күні жалғасады.

Сенат мақұлдағаннан кейін құжат түпкілікті бекіту үшін төменгі палатаға қайтарылуы тиіс. 

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30