Былтыр Германияның әскері 181 мың сарбазға дейін қысқарды

Германияның қорғаныс министрлігі әскери қызметті қалпына келтіруді жоспарлап отыр

Админ

Германияның қорғаныс министрі Борис Писториус әскери қызметке жарамды жастарды іріктеу жүйесін қалпына келтіру мәселесін көтерді. Оның жұмысы 13 жыл бұрын тоқтатылған. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Германияның қорғаныс министрлігі жас жігіттерді әскерде қызмет етуге ниеті мен қабілеті туралы арнайы сауалнама толтыруға міндеттегісі келеді. Олар іріктеуден өткен жағдайда медициналық тексеруден өтеді.

Писториустың ұсынысы Германияда міндетті әскери қызметті қалпына келтіруге бағытталған алғашқы қадам болып саналады. Қорғаныс министрлігінің жоспары бойынша жыл сайын 400 мың жас жігіт тиісті сауалнаманы толтырады. Ал олардың төрттен бірі әскерде қызмет етуге қызығушылық танытады деп болжанып отыр.

Агенттік мәліметінше, жыл сайын 100 мың үміткердің ішінен Бундесверде тағылымдамадан өткізу үшін 40 мың адамды таңдауды көзделіп отыр. Олардың қызметі 6-12 айға созылады.

Дегенмен, Германияның жетекші саясаткерлері әскерге шақыруды қайтару идеясын толықтай қолдамайды. Кейбір саясаткерлер әскери қызмет ерікті болып қалуы керек деп санайды.

Өткен жылы бундесвер саны 181 мың жауынгерге дейін қысқарды. Осыған байланысты Германияның қорғаныс министрлігі әскерге шақыруды енгізу мүмкіндігін қарастырып отыр. Мұндай бастамаға Ресейдің Украинаға соғыс ашуы себеп болды.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02