Зеленский Германияда Patriot жүйесінің фотосуреттерін жариялады

Зеленский Германияның қорғаныс министрімен бірге Заниц қаласындағы әскери базаға барды

Админ

Германияда іссапармен жүрген Владимир Зеленский Украинаға берілетін Patriot әуе қорғаныс жүйесінің фотосуреттерін жариялады. Сондай-ақ, оны қолдануды үйреніп жатқан украиналық әскерилермен кездесті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Зеленский Германияның қорғаныс министрі Борис Писториуспен бірге Заниц қаласындағы әскери базаға барды.

Украина президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Зеленский Германияға 700 миллион еуроны құрайтын кезекті көмек пакеті үшін алғыс айтты, сондай-ақ Украина Қарулы Күштері тағы бір Patriot қондырғысын ғана емес, сонымен қатар «жоғары сапалы неміс IRIS-T жүйелерін де алатынын атап өтті.

«Ең маңызды мәселенің бірі – жүйелерде өндіріс пен оқу уақыты қысқарды. Өйткені қазір уақыт халқымыздың өмірімен тікелей өлшенеді. Бұл біздің есімізде ондаған жылдар бойы қалады», - деді Зеленский.

Сәуір айының ортасында Ресей Украинаның қалалары мен энергетикалық инфрақұрылымына бағытталған шабуылдарын күшейткеннен кейін Германия Украинаға бұрын берген екі жүйеге қосымша тағы бір Patriot жүйесін беруге келісті.

Зеленский бұған дейін НАТО одақтастарына Украина қалаларын Ресейдің зымырандық шабуылдарынан қорғау үшін тағы жеті Patriot жүйесі қажет екенін айтқан.

Сәрсенбіге қараған түні New York Times АҚШ әкімшілігінің жоғары лауазымды шенеуніктеріне сілтеме жасап, президент Джо Байден Украинаға тағы бір Patriot жүйесін жіберетінін жазды.

Patriot – АҚШ арсеналындағы ең тапшы жүйелердің бірі. Пентагонның Patriot және басқа да әуе қорғаныс жүйелеріне сұранысы өткен жылы, оның ішінде ХАМАС-тың Израильге шабуылынан кейін де жоғары болды, деп жазады NYT.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22