Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыс жуырда тоқтауы мүмкін

ХАМАС АҚШ-тың ұсынысын қолдайтынын мәлімдеді

Админ

ХАМАС АҚШ-тың Газадағы атысты тоқтату жоспарына жауап жібергенін мәлімдеді. Ұйымның жоғары лауазымды шенеунігі Израильден атысты тоқтатуды талап ететінін айтты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Мәлімдемеде ХАМАС пен оның палестиналық одақтастары келісімге келуге дайын екендерін білдірді.

Ал Reuters агенттігі израильдік шенеунікке сілтеме жасап, ХАМАС кепілге алынғандарды босату туралы ұсыныстан бас тартқанын айтты.

АҚШ президенті Джо Байден ұсынған және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мақұлдаған жоспар атысты тоқтатуды, сондай-ақ ХАМАС тұтқынындағы израильдіктерді және Израиль түрмелеріндегі палестиналық тұтқындарды босатуды көздейді.

Израиль мен ХАМАС арасындағы келіссөздерге АҚШ-пен бірге арағайындық жасап жүрген Қатар мен Мысыр Палестина тобының ұсыныстарға жауап бергенін растады.

Сейсенбі күні кешке жасаған мәлімдемесінде ХАМАС Газадағы шайқастарды «толық тоқтатуға» шақырды.

«Бұл жауап Палестина халқының мүддесін бірінші орынға қояды және Газадағы агрессияны толығымен тоқтату қажеттілігін көрсетеді», - делінген ХАМАС мәлімдемесінде.

Олар «соғысты аяқтайтын келісімге қолжеткізу үшін өзара әрекеттесуге» дайын екенін білдірді.

Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Джон Кирби өз сөзінде Вашингтон ХАМАС-тың жауабы мен топтың ұсынысын зерттеп жатқанын айтты.

Осыған дейін сейсенбі күні АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Газадағы атысты тоқтату жоспарын қолдайтынын, әлем ХАМАС-тың жауабын күтіп отырғанын айтты.

АҚШ президенті Джо Байден ұсынған жоспар үш кезеңнен тұрады.

БІРІНШІ КЕЗЕҢ

Атыс алты аптаға тоқтатылады. Израиль әскері Газадағы елді мекендерден шығарылады. ХАМАС жүздеген палестиналық тұтқынға айырбас ретінде әйелдерді, қарттар мен жаралыларды босатады. Бірақ оның нақты саны белгісіз. ХАМАС сонымен бірге кейбір кепілге алынған марқұмдардың мәйітін жақындарына қайтарады. Палестиналық бейбіт тұрғындар Газаның барлық аймағына оралады. Гуманитарлық көмектің күрт артуы: Газа секторына гуманитарлық көмек тиелген күніне кемінде 600 жүк көлігі жөнелтіледі. Жаһандық қауымдастық сонымен қатар жүздеген мың уақытша тұрғын үйі жібереді. Израиль мен ХАМАС арасындағы АҚШ пен Катар арадағы келіссөздер алты апта бойы жалғасады. Егер сәтті болса, екінші кезеңге өтуге болады.

ЕКІНШІ КЕЗЕҢ

Кепілге алынғандардың қалған бөлігі, оның ішінде ер әскери қызметкерлер босатылады. Израиль әскері Газа секторынан толық шығарылады. Атысты тоқтату келісімі «соғыс қимылдарын біржола тоқтатуға» айналады.

ҮШІНШІ КЕЗЕҢ

Кепілге алынғандар арасында қаза болғандардың мүрдесі қайтарылады. АҚШ пен халықаралық қауымдастықтың қатысуымен Газаны қалпына келтіру жоспарын іске қосылады.

Айта кетейік, жуырда Израиль әскері 4 азаматын құтқару үшін жүздеген палестиналықты өлтіргені туралы хабарланған.

ХАМАС бақылауындағы денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Газадағы соғыс 36 700-ден астам палестиналықтың өмірін қиды, олардың есебінде бейбіт тұрғындар мен жауынгерлер де бар. Алайда бұл деректердің растығын тексеру мүмкін емес.

__Последние новости

  • Басты назарда

Оқу-әдістемелік жиын

Кеше, 10:27
Админ
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

23/11/2024 - 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59