Украинаның барлық аймағында әуе шабуылы туралы дабыл жарияланды

Осыған дейін 1 маусым күні Украинада әуе шабуылы туралы дабыл жарияланған

Админ

Украинаның цифрлық трансформация министрлігінің онлайн картасынан алынған мәліметтерге сәйкес, Украинаның барлық аймағында әуе шабуылы туралы ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Саваслейка» аэродромынан (Нижний Новгород облысы) МиГ-31К жойғыш ұшағының әуеге көтерілуі тіркелді», - деп хабарлады Украина Қарулы Күштерінің Әскери-әуе күштері.

Айта кетейік, осыған дейін 1 маусым күні Украинада әуе шабуылы туралы дабыл жарияланған.

Украиналық БАҚ-тың хабарлауынша, ол кезде ресейлік әскерилер алты ТУ-95МС стратегиялық бомбалаушы ұшағын ұшырған. Мурманск облысындағы Оленя аэродромынан төрт ұшақ және Саратов облысындағы Энгельс аэродромынан екі ұшақ ұшырылған.

Ал Запорожьедегі жарылыстар туралы Запорожье облыстық әскери басқармасының басшысы Иван Федоров мәлімдеген еді. Сонымен қатар, Винница облысында ұшқышсыз ұшақтардың сынықтары құлау салдарынан маңызды инфрақұрылым нысанында өрт шыққан.

Украинаның энергетика министрі Герман Галущенконың мәліметінше, Днепропетровск, Донецк, Кировоград, Ивано-Франковск және Запорожье облыстарындағы энергетикалық нысандар ресейліктердің шабуылына ұшырады.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02