27 жыл бойы жалған атпен Бельгияда жасырынған қылмыскер Алматыға жеткізілді

63 жастағы қазақстандық 1997 жылы маусымда Ресейдің Новосібір қаласында отандасымызды ұрлап, өлтіру ісіне қатысқан

Админ

Адам ұрлап, өлтірді деген күдікке ілінген қазақстандық жалған атпен Бельгияда 27 жыл бойы жасырынып келген, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Алматының криминалдық полициясының мәліметінше, 63 жастағы қазақстандық 1997 жылы маусымда Ресейдің Новосібір қаласында отандасымызды ұрлап, өлтіру ісіне қатысқан. Кезінде оны босату үшін туыстарынан 100 мың доллар өтемақы талап еткен.

Ол бұл ауыр қылмысты алдын ала сөз байласу арқылы жасағаны белгілі болды.

«Тергеу барысында қылмысқа қатысушылар ұсталып, оларға түрлі жазалар тағайындалды. Сот органдарынан қашып кеткен қылмыскерлердің біріне қатысты сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы, сондай-ақ мемлекетаралық және халықаралық іздеу жарияланды. Іздеудегі азамат жалған деректермен Бельгияда жасырынып жүргені белгілі болды. Алматы қалалық прокуратурасының үйлестіруімен және Интерполдың көмегімен күдікті ұсталып, Алматы қаласына жеткізілді», - деді, Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02