Германияны тасқын су басты

Тасқын судан 3 мың адам зардап шекті

Админ

Германияның оңтүстігінде толассыз жауған жаңбыр су тасқынына себеп болды. Салдарынан бір адам қаза болғаны анықталды. Сол сияқты 22 жастағы құтқарушы мен жертөлесін су басқан әйел із-түзсіз жоғалып кетті. Тасқын судан 3 мың адам зардап шекті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Баварияның оңтүстігіндегі Ильм өзенінің бойындағы Пфаффенхофен қаласында тұрғындарды су тасқынынан эвакуациялау кезінде құтқарушылардың бірі суға батып кетті. Ол үш әріптесімен бірге үрлемелі қайықта болған.

Штутгарттан шығысқа қарай 50 шақырымдай жердегі Швебиш-Гмунд қаласына жақын жерде топырақ көшкіні болып, ұзақ қашықтыққа қатынайтын пойыз жартылай рельстен шығып кеткен. Борттағы 185 жолаушы зардап шеккен жоқ.

Германия билігі оңтүстік Бавария штатының тұрғындарын кейбір аудандарда су тасқыны күшейіп жатқандықтан эвакуациялау туралы үндеулерге құлақ асуға шақырды.

Ішкі істер министрі Нэнси Фезер тұрғындарды төтенше жағдайға жауапты мамандардың ескертулеріне құлақ асуға шақырды.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19