Германия канцлері: НАТО территориясының әрбір сантиметрін қорғаймыз

Германия канцлерінің айтуынша, Путиннің мақсаты – шекараны күшпен кеңейту

Админ

Германия канцлері Олаф Шольц Ресей тарапынан Еуропа елдеріне қауіп әлі де бар екенін мәлімдеді. Ол өз сөзінде дипломатияның тек күшті позицияда ғана табысқа жететінін баса айтты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Шольцтің пікірінше, қауіпсіздік саясатындағы өзгерістер өте маңызды. Бұл Ресейге НАТО аумағының әрбір шаршы сантиметрін шабуылдан қорғауға дайын екенін көрсету үшін қажет.

«Ресей тарапынан қауіп әлі де жалғаса беруі мүмкін. Сол себепті біз және өзге де одақтастар өткен жылы Балтық жағалауы елдеріне қосымша бөлімшелер жіберіп, болашақта онда тұрақты негізде тұтас бір бригаданы орналастыру туралы шешім қабылдадық», - деді Германия үкіметінің басшысы.

Шольц Германия мен Бундесвер мұндай жағдайға алғаш рет тап болғанын атап өтті.

2022 жылдың ақпанында Ресей президенті Владимир Путиннің бастамасымен Украинаға шабуыл жасау оның нені қалайтынын анық көрсетті, дейді Олаф Шольц. Германия канцлерінің айтуынша, Путиннің мақсаты – шекараны күшпен кеңейту.

Айта кетейік, жуырда Берлин Украинаға Ресейдегі әскери нысандарға неміс қаруымен шабуыл жасауға рұқсат берді. Шольц бастапқыда бұл қадамға қарсылық білдірген.

__Последние новости

  • Басты назарда

Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!

02/07/2025 - 13:25
Админ
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 12:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

110 студент ант қабылдады

02/07/2025 - 11:54
  • Басты назарда

«Айбын-2025» жиыны басталды

25/06/2025 - 11:02
  • Басты назарда

АЙБЫН-2025» ЖИЫНЫНА БІРІНШІ БОП ЖЕТТІ

21/06/2025 - 09:33
  • Басты назарда

15 сарбаз ант қабылдады

20/06/2025 - 10:41
  • Басты назарда

АСПАН ӘЛЕМІНІҢ ТАРЛАНДАРЫ

19/06/2025 - 10:02