Антикор: Ішкі істер органдарының қызметкерлері жемқорлық жасағаны үшін сотталды

Олар жүйелі түрде пара алып келген

Админ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы айда бірқатар ішкі істер органдарының басшылары сотталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Антикор мәліметінше, Өскемен қаласының соты қалалық басқарманың әкімшілік полиция бөлімінің бастығы А. А. Тернопольскийге және басқа адамдарға қатысты пара алу фактілері бойынша үкім шығарды.

Ол жүйелі негізде мамандандырылған тұрақтардан автокөлік құралдарын заңсыз бергені үшін 20-дан 50 мың теңгеге дейінгі сомада пара алған. Сот үкімімен оған «полиция подполковнигі» арнайы атағынан айыра отыра айыппұл салынды.

Сонымен қатар, осы үкіммен парақорлыққа делдалдық жасағаны үшін Өскемен қаласы ПБ патрульдік полиция батальоны взводының командирі Р. А. Байтанбалиев және ШҚО ПД ӘПБ инспекторы М.Б. Ербаков, сондай-ақ көмек көрсеткені үшін – №5 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Д.Т. Биекенов сотталды.

Айыппұлдардың жалпы сомасы 22 млн теңгеден асты. ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

«Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотымен Есіл ауданы ПБ анықтау бөлімінің бастығы Е. Жұманов 5 жылға шартты түрде сотталды.

Ол ауыр қылмыс жасаған айыпталушыны қылмыстық жауапкершіліктен заңсыз босатқаны және дәлелдемелерді бұрмалағаны үшін кінәлі деп танылды. Үкімдер заңды күшіне енді.

Ақтөбе облысының аудандық сотымен облыстық полиция департаменті Мәртөк аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары А. М. Ерғалиев 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға сотталды. Ол мемлекетке 243 млн теңгеден астам сомаға залал келтіруге әкеп соққан заттай дәлелдемелерді (612 мыңнан астам қорап темекі) жеке меншікке заңсыз беру жолымен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды», - делінген хабарламада.

Сол сияқты Ақтау қалалық соты облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ш. Қалмұрзаевты 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға соттады, ол ел аумағында болған кезде жалпы қамқорлығы үшін шетелдіктен 3 млн теңге көлемінде пара алған.

Барлық сотталған адамдар арнаулы атақтарынан және мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкімдер заңды күшіне енген жоқ.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Кеше, 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

Кеше, 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30