Бас прокуратура Қаржы министрлігінің заңсыз әрекетін әшкереледі

Мемлекеттік кірістер департаменті шетелдік компанияның резиденттік сертификатын қабылдамаған

Админ

Алматы қаласы соттарының поляк компаниясының («Exalo Drilling» АҚ) салықтық тексеру нәтижелеріне шағымдану туралы талабын қарауы шеңберінде Қаржы министрлігінің Халықаралық конвенцияны бұзғаны анықталды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, мемлекеттік кірістер департаменті шетелдік компанияның резиденттік сертификатын қабылдамады және 600 млн теңгеден астам корпоративтік табыс салығын (өсімпұлды ескере отырып) қосымша есептеді.

«Польшаның Қаржы министрлігі даулы жағдайды қазақстандық тараппен өзара келісу рәсімін бірнеше рет бастауға тырысқаны белгілі болды. Бұл Қазақстан мен Польша арасында жасалған қосарланған салық салуды жою туралы конвенцияда тікелей көзделген. Алайда, қаржы министрлігі сот дауының болуына сілтеме жасай отырып, келіссөздер жүргізуден бас тартты.

Бас прокуратура қадағалау актісін енгізгеннен кейін Қазақстан мен Польша қаржы министрліктері арасында өзара келісу рәсімі аяқталды. Польша тарапы компанияның Қазақстан аумағында қызметін жүзеге асыра бастағаннан бері Польшаның «резидент» мәртебесін растады. Нәтижесінде салық органы сотта бітімгершілік келісім жасасып, өзінің хабарламасын қайта қарады.

Осылайша, прокуратураның араласуынан кейін бизнес субъектісіне 612 млн теңге сомасына салық қосымша есептелуі жойылды. Бұл жұмыс жалғасуда және Бас прокуратура басшылығының ерекше бақылауында», - делінген Бас прокуратура хабарламасында.

__Последние новости

  • Басты назарда

КЕЗДЕСУ: ҚОЛЫНАН КІТАП ТАСТАМАЙТЫН ҚОЛБАСШЫ

Бүгін, 08:43
Админ
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 12:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

110 студент ант қабылдады

02/07/2025 - 11:54
  • Басты назарда

«Айбын-2025» жиыны басталды

25/06/2025 - 11:02
  • Басты назарда

АЙБЫН-2025» ЖИЫНЫНА БІРІНШІ БОП ЖЕТТІ

21/06/2025 - 09:33
  • Басты назарда

15 сарбаз ант қабылдады

20/06/2025 - 10:41
  • Басты назарда

АСПАН ӘЛЕМІНІҢ ТАРЛАНДАРЫ

19/06/2025 - 10:02