«Үкіметке бәрібір»: Тель-Авивте әскерилердің ата-аналары ХАМАС-пен соғысты тоқтатуға шақырды

Египет Газа секторын қыспаққа алуды тоқтатуға шақырды

Админ

Египет Газа секторындағы соғысты тоқтатуға шақырады. Израиль әскері Филадельфия дәлізі бақылауында екенін мәлімдеді. Ал ХАМАС-пен соғысып жатқан әскерилердің аналары қақтығысты тоқтатуды талап етті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Египет президенті Әбдел Фаттах әс-Сиси халықаралық қауымдастықты Израильдің Газаға шабуылдауын тоқтатуға шақырды. Ол сонымен бірге Газаға ұзақ мерзімді гуманитарлық көмектің тез арада берілуін талап етті. Рафахтағы Израиль армиясының шабуылы кезінде палестиналықтар қауіпсіз жерлер табуға тырысуда.

«Қауіпсіз жер табу үшін шатырларды бұздық. Бізге бұл аймақтың қауіпсіз екенін, ал олар қауіпсіз аймаққа шабуыл жасамайтынын айтты. Бірақ түнгі уақытта бізге бәрібір шабуыл жасады», - дейді Газа тұрғыны.

Осыған дейін Израиль армиясының өкілі Газа-Египет шекарасы бойындағы Филадельфия дәлізіне бақылау орнатқанын хабарлады. Ол жерде ХАМАС-тың Газаға қару-жарақ өткізуі үшін пайдаланған 20 шақты туннелі табылғаны айтылды.

Вашингтон Филадельфия дәлізіне бақылау орнату АҚШ әкімшілігінің Рафахтағы операцияға қатысты «қызыл сызығын» кесіп өтпейтінін атап өтті.

Газада соғысып жатқан сарбаздардың аналары Тель-Авивтен соғысты тоқтатуды талап етіп отыр. Әскерилердің мәліметінше, операция басталғаннан бері Палестина анклавында кемінде 292 израильдік сарбаз қаза тапқан. Соңғы екі құрбан сержанттар Элия Хилель мен Швиша Харсаж болды, олар Наблус маңындағы бақылау-өткізу пунктінде қасақана соққының салдарынан қаза тапты.

«Үкіметке бәрбір. Оларды кепілге алынғандардың да, сарбаздардың да өмірі қызықтырмайды», - деді IDF сарбазының анасы Нурит Фельсенталь.

Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшысы Цахи Ханегби Газадағы қақтығыс кем дегенде тағы 7 ай жалғасатынын айтты.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02