НАТО елдері Зеленскийден «мүмкін емес нәрсені» талап етпеуді сұрады – The Telegraph

Украинаның НАТО құрамына қашан кіретіні белгісіз

Админ

Биыл Украина НАТО-ның құрамына кіруі екіталай. Мұндай жағдайда Ресеймен соғысқа НАТО әскері де жұмылдырылады деген қауіп бар. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттік мәліметінше, Вашингтонда 9-11 шілдеде өтетін және ұйымның 75 жылдығына арналған НАТО саммитіне дайындық барысында АҚШ пен Германия Украинаның ұйымға кіруі үшін нақты мерзімді белгілеуге қарсы шықты.

«Олар Украинаның биыл НАТО-ға толыққанды мүшелікке өтуіне қатты күмәнмен қарайды. АҚШ Германия секілді алаңдамауы мүмкін, бірақ Ресейден альянстың қалған бөлігіне төнетін қауіпке алаңдайды», - деді Байден әкімшілігі The Telegraph басылымына берген пікірінде.

Осыған байланысты альянс президент Зеленскийден «мүмкін емес нәрсені» талап етпеуді сұрады, деп жазады аталмыш басылым.

Өткен жылы Вильнюс саммитінде Зеленский НАТО басшылары Киевті толық мүшелікке қабылдаудан бас тартқан жағдайға қатты ренішін білдірген.

Басылым мәліметінше, Украинаның НАТО-ға мүшелігі туралы мәселе өткен жылғы саммитте басым болды және Одақтың маңыздылығы туралы сұрақ мүше елдер арасында алауыздық тудырған болуы мүмкін деген алаңдаушылық бар.

Сонымен бірге, биыл шілдеде Вашингтонда өтетін НАТО саммитінде Украинаға процесті қолдаудың белгісі ретінде қосылудың қандай да бір жолы ұсынылады. Алайда олар мүшелікке кіретін нақты мерзімді Киевке айтпайды.

__Последние новости

  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Кеше, 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59