Ақтөбеде төбелестен соң аяқтарына оқ тиген 8 жігіт ем алып жатыр

Төбелес кезінде пышақ және оқ жарақатынан көз жұмған жігіттің жасы 18-де болған

Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасында қазір 8 адам ем алып жатыр. Олар 18-22 жастағы жігіттер. Бәрінің аяғында бытыра жарақаты бар, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.  

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті осы төбелеске қатысқан 4 күдіктіні ұстап, қазір Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру», «Бұзақылық» баптары бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Ал 8 жігіт облыстық көпсалалы ауруханасында. Олардың бәрінің аяғына бытыра тиген. 

«Түнде сағат шамамен 2:00-де белгісіз біреу жас жігітті әкелді. Клиникалық өлім жағдайында жеткізілді. Оның өмірін сақтап қалу үшін бар жағдай жасалғанымен, көптеген пышақ жарақатынан, оқ жарақатынан көз жұмды. Содан кейін жас жігіттерді әкеле бастады. Барлығы тағы 8 жігіт жеткізілді. Олар 2002-2006 жылдар аралығындағы жігіттер. Бәрінің аяғында бытыра жарақаты болды. Оларға ем-дом көрсетіліп жатыр. Бәрінің жағдайы тұрақты. Жансақтау бөлімінде жатқан ешкім жоқ. Олардың студент немесе оқушы екені белгісіз. Кімдер екенін нақты айта алмаймыз. Бәріне күзет қойылған. Оларды жеке көлікпен, кейбірін полиция әкелді», – деді Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасы травматология бөлімінің травматолог дәрігері Жаслан Урумбаев.

Айта кетсек, төбелес кезінде пышақ және оқ жарақатынан көз жұмған жігіттің жасы 18-де болған. Әзірге төбелестің себебі айтылмады.

__Последние новости

  • Басты назарда

Бірлестіктің төрағасы сайланды

11/06/2025 - 07:48
Админ
  • Басты назарда

ЖЫР-ТАРТУ: ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ

08/06/2025 - 15:28
  • Басты назарда

Ұйыған отбасы – мықты әскердің негізі

07/06/2025 - 14:28
  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

06/06/2025 - 10:27
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08