Израильдің Рафахқа шабуылынан ондаған адам қаза болғаны хабарланды

ХАМАС та Тель-Авивке шабуыл жасаған

ХАМАС Тель-Авивке зымыран ұшырғаннан кейін Израиль қорғаныс күштері Рафах қаласына күшті соққы берді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жексенбі күні кешке Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласына жақын жерде Израильдің әуе күштері соққы жасады. ХАМАС-тың бақылауындағы денсаулық сақтау министрлігі 50-ден астам адамның қаза тауып, ондаған адамның жараланғанын хабарлады. Сондай-ақ қоныс аударған бейбіт тұрғындар тұратын лагерьде өрт шыққаны айтылды.

Израиль қорғаныс күштері ХАМАС ұйымының ғимаратына соққы беріп, топтың екі қолбасшысын өлтіргенін хабарлады.

«Біз шабуыл нәтижесінде және аймақта шыққан өрт салдарынан бейбіт тұрғындар зардап шеккенін білеміз. Қазір оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр», - деп атап өтті IDF.

Палестина Қызыл Жарты ай ұйымы Рафахтың солтүстік-батысындағы БҰҰ штаб-пәтері маңындағы қоныс аударғандардың шатырына шабуыл жасалғанын хабарлады. Белгілі болғандай, бұл жерді Израильдің өзі гуманитарлық аймақ ретінде белгілеген. Ұйымның өкілі қаза тапқандар саны артуы мүмкін екенін айтты.

Жексенбі күні кешке Израиль әскері ХАМАС-тың Тель-Авивке жасаған шабуылына тойтарыс бергенін хабарлады. Олардың айтуынша, Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах аймағынан қалаға сегіз снаряд атылған.

__Последние новости

  • Басты назарда

Шеберлік атыс даласында шыңдалады

22/09/2024 - 12:42
  • Басты назарда

Оқу-әскери жиыны басталды

22/09/2024 - 12:41
  • Басты назарда

Ашық есік күні

22/09/2024 - 12:40
  • Басты назарда

Әскерге шақыру жайы әңгімеленді

22/09/2024 - 12:39
  • Басты назарда

Астаналық жастар әскерге аттанды

22/09/2024 - 12:38
  • Басты назарда

Сән-салтанаты жарасқан шара

22/09/2024 - 12:37
  • Басты назарда

Атаулы күн атап өтілді

22/09/2024 - 12:35
  • Басты назарда

«Шексіз бауырластық-III» оқу-жаттығуы

22/09/2024 - 12:29
  • Басты назарда

Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Абай гарнизонындағы отбасы апталығы

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Мамандармен өткен кездесу

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

ҮЙДЕ ДЕ, ТҮЗДЕ ДЕ БІРГЕ

17/09/2024 - 21:22