Әскери бөлім мәліметінше, сарбаз дәретханада басын ұрып алған
Алматыда 5571 әскери бөлімінің қатардағы сарбазы Ербаян Мұхтар бас миының жарақаты салдарынан жарты жылдан бері комада жатыр. Арабаян қызмет еткен Ұлттық ұланның әскери бөлімі басшыларының айтуынша, ол дәретханада құлап, басын ұрып алған, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Ербаян желтоқсан айында ауруханаға түскен. Оның диагнозында ауыр бас миы жарақаты, мидың қысылуымен, оң жақта желке сүйегінің сынуы, мидың ісінуі және желке аймағының көгерген жарасы бар екендігі көрсетілген.
Ресми нұсқаға сәйкес, Ербаян түнгі сағат екіде жарақат алған. Осы уақытта оның жанында екі келісімшартпен (олардың бірі сержант шенінде) жұмыс істейтін әскери болған. Олар Ербаянның өзі құлағанына куәлік еткен.
Sarbaz.kz тілшісі сарбаздың анасы Гүлсім Камиевамен байланысқа шықты.
Ол сол түні дәретханада Ербаянның қасында болған әскери қызметшілер оны сол жерден шығарғанын, ал сержант күндізгі ауысымдағы қызметкерге дәретханадағы қанды сүртуді бұйырғанын анықтаған. Сондай-ақ ол Ербаянның жанындағы әскери қызметшілердің бірінің қолында белдік болғанын атап өтті. Тергеушілер анасына сол белдіктің табылмағанын айтқан. Ал Ербаянның қаруластары осы іс бойынша тек куәгер ретінде қарастырылады.
Сондай-ақ Гүлсім Ербаян үнемі ақша жіберуді сұрағанын айтты. Негізінен сұраған сомалары аса көп болмаса керек, көбінесе 1-1, 5 мың теңге болған. Бірақ кейде көп мөлшерде ақша сұраған кездері де болыпты. Анасы ол ақшаның қайда жұмсалғанын білмейтінін айтады. Аударымдар туралы барлық мәлімет бар болғанмен, адвокаттар істі неге екені белгісіз, қолға алғысы келмейтін көрінеді. Бас тартудың себебін ашып айтпаған.
Әскери прокуратура Гүлсімге Ербаян есін жиып, одан айғақтарын алғанға дейін тергеудің тоқтатылатынын айтқан.
Жақында сараптама жүргізіледі. Ербаянның анасы Салтанат Нүкенованың жарақат алу себептері туралы қорытынды жасаған сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаровты жұмылдырғысы келетінін айтады.
Гүлсім Ербаянды Астанаға жеткізгісі келеді екен. Ал ол үшін санавиация борты қажет. Ұлттық ұлан Бас комитетінің орынбасары Қайрат Үмбетов Гүлсімге ондай борттың қашан босатылатыны белгісіз екенін айтқан. Оған дейін бірнеше күн немесе бір апта уақыт қажет болуы мүмкін.
2022 жылдың тамыз айында сол әскери бөлімде 19 жастағы сарбаз Алмас Шахимов қаза тапқан болатын. Оның өліміне жазатайым оқиға себеп болды деп хабарланған. Ресми нұсқаға сәйкес, полигондағы құмды дауыл кезінде сарбаздың үстіне металл шатыр құрылымы құлаған. Алайда марқұмның туыстары бұл нұсқаға сенбейді. Сараптама марқұмның көптеген дене жарақаттары мен ми жарақаттары бар екенін анықтаған. Кейін бөлім офицері Шахимовтың атына несие рәсімдегені белгілі болды. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды, бірақ қазіргі уақытта оның қай сатыда екені белгісіз.