Шымкенттегі заңсыз майнерлердің қылмыстық әрекеті әшкереленді

Тергеу барысында 1000-нан астам ASIC-терден (биткоин өндіру жабдығы) тұратын криптовалюта өндіруге арналған майнинг фермасы, ноутбуктер, бейнетіркегіштер, флэш-тасымалдағыштар, ұялы телефондар және құжаттамалар табылып, тәркіленді

Шымкенттегі заңсыз майнерлердің қылмыстық әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бір топ адам 2023 жылғы сәуір мен 2024 жылғы ақпан аралығында жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам аса ірі мөлшерде кіріс ала отырып, криптовалюта өндіру бойынша астыртын майнинг фермасын ұйымдастырған.

Тергеу барысында 1000-нан астам ASIC-терден (биткоин өндіру жабдығы) тұратын криптовалюта өндіруге арналған майнинг фермасы, ноутбуктер, бейнетіркегіштер, флэш-тасымалдағыштар, ұялы телефондар және құжаттамалар табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Айта кетейік, бұл саладағы заңсыз қызмет елдің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп, белгілі бір тәуекелдердің туындауына алып келеді.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

Кеше, 10:33
Админ
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Топогеодезистерге арналған курс

19/10/2025 - 16:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

100 жасқа толуымен құттықтады

18/10/2025 - 15:27
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АНА ТӘРБИЕСІ – АЛТЫН ҚАЗЫҚ

15/10/2025 - 15:11
  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51