Мемлекет басшысы Indorama корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Амит Лохианы қабылдады

Былтыр маусым айында Indorama корпорациясы елімізде химия өнеркәсібін дамыту мақсатында АХҚО юрисдикциясында жаңа кен орындарын игеретін Indorama Kazakhstan Mining еншілес ұйымын тіркеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Сингапур бизнес форумы аясында мұнай химиясы өнімдерін шығаратын ірі кәсіпорын – Indoramа корпорациясы басшыларының бірі Амит Лохиамен кездесті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сингапурда орналасқан Азиядағы жетекші химия өнеркәсібі холдингінің 32 елде 136-дан астам өндіріс алаңы бар. Сондай-ақ әлемдегі ең ірі компаниялардың – Forbes Global 2 000 тізіміне кіреді. 

Президентке берілген мәлімет бойынша аталған компания Жамбыл облысындағы фосфор кен орны базасында толық циклді фосфор тыңайтқышы өндірісін ашу жөніндегі инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр.

Былтыр маусым айында Indorama корпорациясы елімізде химия өнеркәсібін дамыту мақсатында АХҚО юрисдикциясында жаңа кен орындарын игеретін Indorama Kazakhstan Mining еншілес ұйымын тіркеді. 

Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп секторында минералды тыңайтқыштарды қолдану маңызды екенін атап өтіп, Indorama корпорациясын еліміздің аумағында химия өндірісін ашу үшін инвестиция салу перспективасын жан-жақты зерделеуге шақырды. 

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

Кеше, 10:33
Админ
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Топогеодезистерге арналған курс

19/10/2025 - 16:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

100 жасқа толуымен құттықтады

18/10/2025 - 15:27
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АНА ТӘРБИЕСІ – АЛТЫН ҚАЗЫҚ

15/10/2025 - 15:11
  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51