АҚШ: Ресей ғарыштық әскери аппаратын Жер орбитасына шығарды

Ресей бұл қаруын АҚШ үкіметінің спутнигі орналасқан орбитаға шығарды

АҚШ-тың қорғаныс министрлігі Ресейді спутникке қарсы ғарыштық әскери аппаратын Жер орбитасына шығарды деген болжамын жеткізді. Бұл туралы Пентагонның баспасөз хатшысы Патрик Райдер мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.

«16 мамырда Ресей жердің төменгі орбиталық спутнигін ұшырды, біздің болжамымыз бойынша бұл ғарышқа қарсы қару болуы әрі жердің басқа орбиталық спутниктеріне шабуыл жасауға қабілетті болуы мүмкін», - деді Райдер.

Оның айтуынша, Ресей ғарышқа қарсы қаруын АҚШ үкіметінің спутнигі орналасқан орбитаға шығарды.

Райдер өз сөзінде Ресейдің бұл әрекеті туралы АҚШ алдын ала білген-білмегені туралы түсініктеме берген жоқ.

Ақпан айында америкалық БАҚ конгресстегі дереккөздерге сілтеме жасап, Ресей ғарышқа шығаратын ядролық қаруын жер серіктеріне қарсы қолдануды көздеп отырғанын хабарлаған.

Ресей ғарышта қолдануға болатын спутникке қарсы қару-жарақ жасап жатыр, ал АҚШ әкімшілігі Мәскеудің жоспарларына асқан сақтықпен қарайды, деді сол кезде АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық коммуникациялар жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби.

Өткен аптада The Wall Street Journal басылымы Ресейдің 2022 жылдың ақпанында ғарышқа ықтимал жерсерікке қарсы ядролық қарудың құрамдастарын сынау үшін спутник ұшырғанын хабарлады. WSJ мәліметінше, «Космос-2553» спутнигі әлі де Жерді айналып ұшып жүр.

Жуырда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Ресей дайындаған қарардың жобасын қабылдаған жоқ. Ресей әлемнің барлық елін ғарышқа кез-келген қаруды шығаруды және қолдануды біржола тоқтатуға шақырған. Құжат қажетті тоғыз дауысқа ие болған жоқ. Қауіпсіздік Кеңесінің 15 мүшесінің ішінен жеті мемлекет қолдап дауыс берді. Бірақ тағы жеті ел, оның ішінде АҚШ, Ұлыбритания және Франция қарсы болды.

«Ресейдің бүгінгі контррезолюциясы маңызды болған жоқ. Бұл Мәскеудің ядролық құрылғысы бар жаңа спутник жасап жатқаны туралы хабарлардан назар аударуға бағытталған циникалық әрекет болды», - деді Британдық делегация мүшелерінің бірі.

24 сәуірде Ресей АҚШ пен Жапония дайындаған ядролық қаруды ғарышқа шығармау туралы қарардың жобасына шектеу қойды. Оны қабылдауға Қауіпсіздік Кеңесінің 15 мүшесінің 13-і дауыс берді. БҰҰ жанындағы Ресей Федерациясының тұрақты өкілі Василий Небензя құжатты қолдаудан бас тартуының себебін түсіндірді. Оның айтуынша, тыйым тек ядролық қаруға ғана емес, сонымен қатар қарапайым қару-жараққа да қатысты болуы керек.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22