Президент Қазақстандағы Иран елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды

Мемлекет басшысы Қазақстандағы Иран елшілігіне барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Иран Ислам Республикасының елшілігіне барып, Президент Ибрахим Раиси мен Үкімет делегациясы мүшелерінің тікұшақ апаты салдарынан қаза табуына байланысты иран халқына көңіл айтты және қолдау білдірді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Президент көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

– Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисидің және Үкімет делегациясы мүшелерінің мезгілсіз қазасы туралы қаралы хабар қабырғамызды қайыстырды. Өз ұлтының ұлы перзенті Ибрахим Раиси – Отанына адал қызмет еткен тұғырлы тұлға. Біз оны парасатты басшы, беделді саясаткер, екі елдің ынтымақтастығын нығайтуға зор еңбек сіңірген қайраткер ретінде әрдайым есте сақтаймыз. Қазақ халқының және өзімнің атымнан ирандық бауырларымызға қайғырып көңіл айтамын. Марқұмдардың иманы саламат, рухы пейіште болсын! – деп жазды Мемлекет басшысы.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19