Польшада диверсия жасамақ болған Ресейдің бірнеше азаматы ұсталды

Литва, Латвия және Швеция елдерінде де диверсиялық әрекеттер болды

Польша билігі ресейлік барлау қызметінің тапсырысы бойынша диверсия жасады деген күдікпен тоғыз адамды ұстады. Бұл туралы елдің премьер-министрі Дональд Туск мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.

«Бұл ұрып-соғу, өртеу және өрт жасауға ұмтылу әрекетіне қатысты», - деді ол.

Оның айтуынша, кей жағдайларда қылмыс әлемі Украина, Беларусь және Польша азаматтарына қатысты.

Премьер-министр өз сөзінде Польшаның батысындағы Вроцлав қаласындағы бояу зауытын өртеу әрекетінің алды алынғанын айтып өтті. Бұл әрекетке күмәнсіз, ресейлік қызмет тапсырыс берген деп есептейді ол.

Туск жағдайды өте ауыр деп бағалап, Литва, Латвия және Швеция елдерінде де осындай диверсиялық әрекеттер болып жатқанын қозғап өтті. Ол 9 мамырға қараған түні Вильнюстегі IKEA дүкенінің қоймасында болған өртті тілге тиек етті. Нысанда тауарлар өртеніп кеткен. Литва полициясы да өрт қою мүмкіндігін тексеріп жатыр.

Польша президенті Анджей Дуда 14 мамырда соңғы күндері елдің әртүрлі аймақтарында бес-алты үлкен өрт болғанын айтты.

«Бұл өрт ұйымдастырылған болуы мүмкін, бірақ іс жүзінде бұл – елдегі жағдайды тұрақсыздандыру әрекеті», - деді ол.

Польша Ұлттық қауіпсіздік бюросының басшысы Яцек Севера болып жатқан оқиғаға шетелдік барлау қызметтерінің қатысы болуы мүмкін деген болжам жасады.

Бұған дейін Дональд Туск Мәскеудің тұрақсыздандыру әрекеті аясында Польшаның барлау қызметтерін күшейтетінін мәлімдеген. Ол азаматтық және әскери қарсы барлау жұмыстарына тағы 100 миллион злотый (25 миллион еуро) бөлінгенін айтты.

Туск сөз арасында Варшавада арнайы қызметтер мен одақтастардың қырағылығының арқасында бірнеше диверсиялық әрекеттердің алды алынғанын айтты.

Соңғы бірнеше аптада Варшава Украина президенті Владимир Зеленскийге ықтимал қастандықты дайындауда Ресейдің арнайы қызметтеріне жәрдемдескен күдікті ер адамның ұсталғаны туралы, сондай-ақ наурыз айында Вильнюсте Ресей оппозициясының марқұм жетекшісі Алексей Навальныйдың серіктесі Леонид Волковқа шабуыл ұйымдастырды деген күдікпен Беларусь азаматы ұсталғанын хабарлады. Бұл іс аясында тағы екі поляк ұсталды.

__Последние новости

  • Басты назарда

Осы күзде әскерге шақырылғандар оқуға кірісті

Бүгін, 10:56
Админ
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Бүгін, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39