Конгода мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырылмақ болды

Төңкеріс жасамақ болған топтың ұйымдастырушысы өлтірілді

Конго армиясы мемлекеттік төңкерістің алдын алғанын және күдіктілерді, оның ішінде бірнеше шетелдікті тұтқынға алғанын мәлімдеді. Киншасада әскери киім киген қарулы топ пен жетекші саясаткердің күзетшілері арасында болған атыстан үш адам қаза тапты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Төңкеріс жасау әрекетін Конго қорғаныс және қауіпсіздік күштері бақылауда ұстады», - деді Конго армиясының өкілі генерал Сильвен Экенге.

Сол сияқты төңкеріс жасамақ болған топтың ұйымдастырушысы Кристиан Маланга өлтірілгені хабарланды.

Бұл оқиға президент Феликс Цисекедидің басқарушы партиясы кейінге қалдырған парламенттік көшбасшылық сайлауға байланысты дағдарыс жағдайында болды.

Қарулы адамдар федералды саясаткер және Конго ұлттық ассамблеясының спикерлігіне үміткер Витал Камерхенің резиденциясына шабуыл жасады. Бірақ олардың әрекетін күзетшілер тоқтатты. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Мишель Мото Мухима X (Twitter) әлеуметтік желісінде мәлімдеді.

«Құрметті Витал Камерхе мен оның отбасы аман-есен. Олардың қауіпсіздігі күшейтілді», - деп жазды ол.

Жергілікті ақпарат құралдары бұл адамдарды Конго сарбаздары деп атады. Әскери киім киген адамдар саясаткерді тұтқындамақ болғаны әзірге белгісіз.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02