Өзбекстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады

Екі ел басшылары Өзбекстан-Қазақстан көпжақты ынтымақтастығын одан әрі кеңейтуге қатысты өзекті мәселелерді талқылады

17 мамырда Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Sarbaz.kz Өзбекстанның Uza агенттігіне сілтеме жасап.

Шавкат Мирзиёев Қазақстан Президентін туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық, бақыт пен табыс, ал бауырлас қазақ халқына бейбітшілік пен гүлдену тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы достық пен тату көршілік қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлкен жеке үлесі ерекше аталып өтті.

Екі ел басшылары Өзбекстан-Қазақстан көпжақты ынтымақтастығын одан әрі кеңейтуге қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Хиуа қаласында өткен практикалық кеңесте уағдаластықтардың орындалу барысы және алдағы уақытта жоғары деңгейде өтетін іс-шаралар жоспары талқыланды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық жобаларының жаңа портфелін қалыптастыруға, бизнес пен өңірлерді тарта отырып, өнеркәсіп, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты ілгерілетуге ерекше назар аударылды. Белсенді мәдени-гуманитарлық алмасуды жалғастырудың маңыздылығы сөз болды.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02